Тәрбие жұмысына өзіндік бағалау
«№3 Күршім гимназиясы» КММ
2022 - 2023 оқу жылының тәрбие жұмысына талдау
Тәрбие жұмысының тақырыбы:
«Жас жеткіншектердің бойында азаматтық пен Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін дәріптеуге тәрбиелеу
Тәрбие жұмысының мақсаты:
Ұлттық рухы биік, адамгершілігі жоғары, салауатты өмір салтын ұстанатын, елінің өткенін құрмет тұтып, ертеңіне өз үлесін қосуды парызым деп білетін жан-жақты білімді, қабілетті, жаңашыл тұлға қалыптастыру.
Міндеттері:
- Мемлекеттік рәміздер тарихын терең білу, оған сый құрметпен қарау.
- Отанға, елге сүйіспеншілік, патриоттық сезімін арттыру.
- Озық педагогикалық – психологиялық ойларды ұтымды әдіс - тәсілдерді қолдана отырып, адамгершілік, имандылық қадір - қасиетін арттыру.
- Жалпы және ғылыми білім беретін пәндердің тәрбиелік мәнін күшейту.
- Оқушы жастар мен балалардың арасында әлеуметтік тұрғыдан есірткіге қарсы тұру қабілетін қалыптастыру.
- Оқушы балалар мен жастардың арасында діни экстремизмге қарсы шаралар мәнін күшейту.
- Өзіндік жетелеуге психология және практикалық дайындығын дағдыны дамыту
- Нарық экономикасының заңдылықтарына икемдеу,тұлғаның көз қарасын қалыптастыру
- Әр оқушының өз «мен» ұжымнан «біз» ұғымдарын қалыптастыру
- Адамгершілік, имандылық әліппесін меңгерту
- Әлемдік және ұлттық мәдени мұраларға баулу
- Сынып оқушыларымен тәрбие жұмысы сапасының деңгейін көтеруде сынып жетекшісінің жауапкершілігін арттыру.
- Мектептің оқу-тәрбие үрдісіне оқушылардың ата-аналарын тарту шараларың ұйымдастыру.
- Оқушылардың танымдылық әрекеттерін жетілдіру жұмыстарын жалғастыру.
Мектептің тәрбие процесінің негізгі құжаты мектепішілік тәрбие жоспары 2015 жылғы «22» сәуірдегі Білім және ғылым министрлігінің №227 бұйрығымен бекітілген тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері басшылыққа алынып құрылды.
Жалпы мектептің тәрбие жұмысы бойынша 2022-2023 оқу жылына төмендегідей міндеттер қойылған:
- Жалпыға құқықтық білім беру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу;
- Ата-аналармен тығыз байланыста болып, психологиялық қызмет көрсету және ата-аналар лекторияларының жұмыстарын белсендіру;
- Оқушыларға салауатты өмір-салтын насихаттау, зиянды және нашақор заттарды пайдаланатын балалар санын болдырмау;
- «Қиын» оқушылармен жеке жұмыс жүргізіп, нақты, жүйелі шаралар бекіту;
- Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымын әрі қарай дамыту;
- Мектепте оқушыларға патриоттық тәрбие, ҚР рәміздерін қастерлеу бағытында жүйелі жұмыс жүргізу.
- «Мектепке жол», «Қамқорлық» акцияларын ұйымдастыру.
- Сынып жетекшілерінің тәжірибелерін тарату. Материалдарын баспабеттеріне жариялау.
- Үйірме, спорттық секциялардың жұмыстарын белсендіру.
Оқу жылының басынан бастап осы міндеттерді орындау жолында атқарылған жұмыстар:
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне жүзеге асыру мақсатында әр сынып жетекшісі оқу жылының басында сыныптың жас ерекшеліктерін, тәрбие деңгейін ескере отырып тәрбие жоспарын құрып бекітті.
Оқу жылының басында оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру мақсатында үйірме, спорт секцияларының жұмыстары ұйымдастырылды.
Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
Қыркүйек айы жаңа оқу жылының басталуы болғандықтан құқық бұзушылыққа, девиантты мінез-құлыққа бейім оқушыларды анықтау, қамқорлыққа алынған, көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен, сәтсіз отбасынан шыққан оқушыларды анықтап, тізімін құру жұмыстары жүргізілді. Оқушылар арасында «Наркопост», «Жас өрт сөндірушілер», «Жас полиция көмекшілері», «Жас Ұлан», «Жас Қыран» топтары құрылды.
Жалпыға құқықтық білім беру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу мақсатында жыл басында құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінің жұмысы ұйымдастырылып, оның құрамы бекітілді. Жыл бойы қаралған сұрақтардың тақырыптары: оқушылардың тәртібі, сабаққа қатысуын қадағалау, «Қиын» оқушылармен жүргізілетін жұмыстар және бопсалау арқылы заң бұзушылыққа әрекет жасаудың алдын алу. Жыл бойы Күршім АПБ-де, мектепішілік тіркеуде тұрған және сәтсіз жанұя оқушылардың мекен-жайларына Күршім АПБ қызметкерлерімен бірлескен рейд жұмыстары жүргізілді. Осы балалармен жеке жұмыс жоспары құрылды. Жалпы Күршім АПБ-де және мектепте бірде-бір оқушы есепте жоқ.
Мектеп бойынша ұстаздар арасында рейдтік топ құрылған. Кәмелетке толмағандар арасында қылмыстар мен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жыл басында құрылған кестеге сәйкес ұстаздар мектеп инспекторымен бірлесе ойын-сауық орындарына, компьютерлік клубтарға, саябақтарға рейдтік тексерістер жүргізіп, ата-анасының қадағалауынсыз «Түнгі ауылда» жүрген мектеп оқушыларымызды анықтау жұмыстары жүргізілді.
Тізімде көрсетілген мұғалімдер қаламыздың ойын сауық орталықтарына, компьютер клубтарына рейдтік жұмыс атқарып, біздің мектебіміздің оқушыларының аталған орындарда болмағандығын хабарлады.
Күршім АПБ бастығының орынбасары полиция майоры Керебаев Дидар Ертаевич қыркүйек айыда гимназиямыздың 10-11 сынып оқушыларына жалпы құқықтық білім беру туралы дәріс өткізді. Қазан айында Күршім АПБ ЖПҚБ КТІ ж УПИ Полиция капитаны Е.У.Тукбиев 7-11 сынып оқушыларына құқық бұзушылықтың алдын-алу, жол ережесі бойынша дәріс оқыды.
Желтоқсан, наурыз, сәуір және мамыр айларында Күршім АПБ ЖПҚБ КТІ ж УПИ полиция лейтенанты А.Айдарханов оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша тақырыптық кездесу өткізді.
Әдепсіздік пен тәртіпсіздіктің етек алып кетпеу қауіп-қатеріне байланысты оқу жылының басында мектептерге жасөспірімдермен жұмыс істеуге мектеп инспекторы берілген полиция капитаны мектептегі тәртіпсіздікті болдырмау немесе алдын-алу мақсатында мектебімізде«Құқықтық тәрбие және құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі кеңес» құрылып оның мүшелері сайланды. Кеңес отырысы уақтылы өткізіліп, нәтижесі шығарылып тұрады.
Бүгінгі күні аудандық есепте тұрған оқушы жоқ.
Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында оқушылар және құқық қорғау орган қызметкерлері, нарколог, гинеколог дәрігерлерімен, сыбайлас жемқорлықпен күресу бөлімінің мамандарымен кездесулер ұйымдастырылып, мүлдем төзбеушілік, жыныстық тиіспеушілік, зорлық-зомбылықтың, өзіне өзі қол жұмсау, бопсалау әрекеттерінің, алдын алуға бағытталған жұмыс жүргізілді. Атап айтсақ:
Қараша айында «Жалпы ата-аналар жиналысы» тақырыбымен мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Мектеп инспекторы полиция лейтенанты А.Айдарханов « Мүлдем төзбеушілік» ұғымының не екені жайлы айтып, түсінік берді. Оған жағымсыз сөзбен біреуді балағаттау, қоғамдық орынды ластау, тәртіп бұзушылық жатады. Жоғарыда аталған жағдай орын алғанына күә болсаңыз, жай өтіп кетуге болмайтынын, тоқтатып ескерту жасап, түсіндіру қажеттілігін ескертті. Барлығы отбасынан басталады. Үйде балаға ата-ана үнемі ненің жақсы, ал нені жасауға болмайтыны туралы айтып отырса, бала дұрыс тәлім –тәрбие алады. Мектеп инспекторы «Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің» 140,141 баптармен және енгізілген өзгерістер жөнінде жиналғандарды таныстырды. Атап айтсақ, ата-ананың жауапкершілігі артып, жазалау шаралары да қатая түсті.
Сәуір айында А.Айдарханов оқушыларға дәріс өткізді. Мектеп инспекторы сөз алып бүгінгі күнде мектеп оқушыларының арасында бопсалаудың жиі орын алып отырғаны туралы айтып кетті. Бопсалаған, бопсалауға итермелеген оқушылар қылмыс Кодексіне сәйкес жазаланады. Сонымен қатар, осы оқушылардың ата-аналары да әкімшілік жазаға тартылады. Көбінесе бопсаулауға баратын жоғары (9-11) сынып оқушылары, немесе осы мектепті бітіріп кеткен колледж студенттері. Мектебімізде осындай жағдайларға орын алғызбау мақсатында өздеріңді бопсалауға жол бермеңдер. Міндетті түрде құқық қорғау орган қызметкерлерімен байланысып хабарлап отыруларыңды сұраймын деп түйіндеді мектеп инспекторы. Әр баланың ата-анасы баласын қуанту мақсатында қымбат ұялы телефон сатып алып береді. Сондай телефонды мектепке алып келіп жоғалтқандар да аз емес. Ата-аналар жиналыстарында бұл сұрақ көтеріліп, ата-аналармен талқыланды. Мектепке байланыс үшін жай телефон алып келулеріңді сұраймыз. Үзілісте, дене шынықтыру сабағында киім ауыстыратын бөлмеде телефондарыңды қалдырып кетпей қалталарыңа, сумкаларыңа салып жүру керектігі айтылды.
Оқушылардың күзгі демалыс кезінде өмір қауіпсіздігін, техника қауіпсіздігін, жол ережелерін сақтау, құқық, тәртіп бұзушылықтың алдын алу мақсатында ақпан айында 1-11 сынып оқушыларымен, ата-аналарымен директордың ТЖ жөніндегі орынбасары А.Қасым, мектеп инспекторы А.Айдарханов инструктаждық әңгіме жүргізді. Әңгіме барысында бөтен адамдармен танысуға, бөтен көлікке отыруға болмайтындығы туралы айтылды. Сонымен қатар, кешкі сағат 21.00-ден кейін ата-анасының қарауынсыз көшеде жүруге болмайтындығы ескертілді. Ата-анасының қарауынсыз табиғат алаңына шығуға, басқа қалаға баруға тиым салынады.
Қаңтар айында 9-11 сынып оқушыларымен мектеп медбикесі М.Сейтжанованың қатысуымен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу мақсаты: оқушылар арасындағы жағымсыз қылықтардың,есірткі қолданудың, нашақорлықтың алдын-алу.
М.Сейтжанова оқушыларға арналған «Есірткінің салдары» атты баяндамасын оқып, никатин, нашақорлық адам (әсіресе жасөспірім) ағзасын ақырындап өлтіретін аурудың бір түрі. Мидағы серотонинды жойып, адамды «өсімдікке» айналдырады. Иммунитетінің әлсірегенінен адам ағзасы әр түрлі ауруларға тез шалдығады. Психика,жүрек, жүйке бауыр, бүйрек құрыйды»-деп оқушыларға айқын түсіндірді. Сонғы кезде жаңадан шыққа «крокодил» атты синтетикалық наркотик жастар арасында өте жиі қолданатын болды. Аталған наркотикті қолданған адам іш құрылысынан бастап тірідей шіріп өледі. Соған қарамастан жастар еліктеп қолданғанын қоймайды. Оқушылар медбикеге әр түрлі сұрақтар қойып, осындай кездесулер өте маңызды екендігін байқады. Кездесу соңында интерактивтік тақтада балаларға арналған бейне фильмдер мен роликтер көрсетілді.
№ 3 Күршім гимназиясы бойынша құқық бұзушылықтың, келеңсіз жағдайларды болдырмай, алдын алу мақсатында көптеген іс-шаралар атқарылуда.
Жыл көлемінде 4 мәрте көшеге рейд жүргізілді. Жоспар бойынша мұғалім өздерінің белгіленген аудандарындағы кафе, мейрамхана, автобекет, заправка, клубтарды аралап қызметкерлерімен сұхбаттасып, түнгі уақытта бұл орындарға мектеп жасындағы балалардың келмейтіндігін дәлелдеді. Барлық дүкен сатушылары жасы 18-ге толмаған балаларға темекі, ішімдік сатпаймыз деп бас тартты. Араланған дүкендерде жұмысқа алынған дүкеншілер, иелері орнында болмады. Аталған дүкендерде жасы кәмелетке толмағандарға темекі, ішімдік, насыбай сату жағдайлары анықталмады.
Жалпы мектеп бойынша тұрмысы төмен отбасылардан шыққан, сабаққа жиі кешігіп келетін оқушылардың үйлеріне рейд жасалып, алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Осындай келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шаралар уақытылы өткізіліп тұрады.
2022-2023 оқу жылы бойынша мектепте; ерте жүктілік, жыныстық қол сұғушылық және өз-өзіне қол жұмсау фактілері тіркелмеген.
Оқу жылының басында Аудандық білім бөлімінің жоспары негізінде мектепішілік «Адал ұрпақ» еріктілер клубы құрылып жетекшісі болып А.Атей тағайындалды. Клуб мүшелерінің жұмыс жоспары бекітіліп сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жұмыстары атқарылды. Жоспар бойынша «сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында акция ұйымдастырылды. «Жемқорлық індет, жою міндет», «Сыбайлас жемқорлық - қауіпті кесел» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Адалдық сағаты» өткізілді. «Мұхтар мұрасы – парасаттылық бастауы» тақырыбындағы онлайн бейне-дәріс 1-11 сынып оқушыларына көрсетілді. 6 сыныпта «Қ.Бітібаеваның мұрасы -ізгіліктің бастауы» атты адалдық сағаты өтті.
Аз қамтылған отбасы және қамқорлыққа алынған оқушыларымен жүргізілген жұмыс
Мемлекет басшының мектеп оқушыларының сабаққа қатысуын толық қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау мақсатында 2022 жылдың 1 тамызынан 30 қыркүйекке дейін Республикалық «Мектепке жол» акциясы өткізілді. Акцияның басты мақсаты – аз қамтылған отбасындағы оқушыларға жаңа оқу жылына дайындықта қолдау көрсету және әлеуметтік себептермен 1 қыркүйекте мектепке келмей қалудың алдын алу болып табылады.
2022-2023 оқу жылында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көп балалы жанұядан шыққан, әлеуметтік жағдайы төмен оқушылар анықталып, тізімі жасалынды.
Мектепте барлығы 1-11 сыныптар аралығында 425 оқушының 179 –ы аз қамтылған, көп балалы отбасы, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, бірақ белгілі бір отбасында тәрбиеленіп жатқан балалар және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы балалары құрайды.
Әлеуметтік жағдайы | Барлығы | Ұлы | Қызы |
Аз қамтылған отбасы балалары | 39 | 23 | 16 |
Көп балалы отбасы балалары | 115 | 47 | 68 |
Толық емес отбасы балалары | 31 | 11 | 20 |
Жетім | 1 | 1 | |
Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы балалары | 28 | 14 | 14 |
Жоспар бойынша 1 қыркүйек Білім күні Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында сынып сағаттарымен басталды.
Қазақстан Республикасының 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шаралар жоспары құрылып, бекітілді. Сыныптардың ұйымдастыруымен апталықтың ашылуы өтті. 1-4 сыныптар арасында «Тәуелсіз елдің баласымыз», 5-11 сыныптар арасында «Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Жергілікті желтоқсаншы Роза Манапқызымен кездесу өтті. А.Тантакованың ұйымдастыруымен «Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік» атты кітап көрмесі өткізілді.
« Тұғырың биік болсын тәуелсіз ел!» атты мерекелік іс-шарамен апталық жабылды. Аталған іс-шараларға оқушылар аса қызығушылықпен атсалысты.
Оқушылардың туған жерін сүюге, Отанын құрметтеуге үйрету мақсатында мектебімізде ерлік сағаттары өтіп отырады. Қазан айында АӘД пәні мұғалімі А.Оразбаевтың ұйымдастыруымен 9-11 сыныптарда «Айбынды жастар- Жаңа Қазақстанның тірегі» атты ерлік сабағы өтті. Ерлік сағатына 2535 әскери бөлімінің подполковнигі Туленов Ержан Ерегенович қатысты.Мамыр айында 8 сыныптарда кітапханашы А.Тантакованың ұйымдастыруымен «Ер мен елдің жеңісі» атты ерлік сағаты өткізілді.
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жарлығымен 25 қазан Республика күні мемлекеттік мерекелер күні қатарына қайтадан енгізіліп, 2022 жылы 25 қазан Республика күні ауқымды түрде аталып өтті. Осыған орай мектебімізде 10 күнге іс-шаралар жоспары құрылды. Мектеп кітапханасында «Айбыны асқақ,тұғыры биік Қазақстан» атты кітап көрмесі өтті. «Қыран елім-Қазақстаным» атты мемлекеттік гимнді жаппай орындау челленджі, 1-11 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізілді.
7 мамыр Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр Жеңіс күніне орай 1-11 сыныптарда сынып сағаттары өтті. 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай мектепте 5-7 және 8-11 сыныптардың арасында саптық байқау өтті. Жеңіс күніне орай оқушылар «Атамның аманаты» челленджіне қатысты. Оқушылар тыл ардагері Асылхан Байрахмет апаны мерекесімен құттықтап, сыйлық табыс етті.
Аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқаны бойынша іс-шаралар жоспары құрылды. Жоспар бойынша 18 қараша күні «Қатігездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында конференция, ата-аналар мен оқушылар үшін тақырыптық стенд, парақшалалар таратылды. «Бақытты отбасы» тақырыбында суреттер байқауы, 8-11 сынып оқушылары арасында «Өмірдің қауіпті қырлары және олардын өту жолдары» тақырыбында сынып сағаттары, 5-7 сыныптар расында «Әр бала қатігездіксіз, зорлық-зомбылықсыз балалық шаққа құқылы» тақырыбында сынып сағаттары, «Тоқта! Зорлық-зомбылық!» тақырыбында дөңгелек үстел, «Әлемді зорлық-зомбылықсыз құру
жолдары» тақырыбында жазба жұмыстар байқауы өткізілді. «Жасөспірімдер арасындағы буллинг өзекті мәселе ме?» тақырыбында дебат өтті. «Бала құқығы-адам құқығы» республикалық онкүндігінің аясында тарих пәні мұғалімі Д.Асанова 11 сынып оқушыларына «Өз құқығынды білесің бе?» тақырыбында сабақ өткізді. «Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік жағдайдың және жыныстық тиіспеушілікке қарсы құқық бұзушылықтың алдын алу» мақсатында оқу жылының басында «Жедел анықтау» тобы құрылды.
Оқу жылының басында «Суицидті мінез-құлқын анықтау» әдістемесі бойынша мектеп психологы Н.Смагулова 5-10 сынып оқушылары арасында сауалнама жүргізіп, қорытындысы бойынша «Қатер тобына» жататын оқушылар анықталып, жұмыс жоспары белгіленді.
Қамқоршылық кеңес жұмысы:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігнің 27 шілде 2017 жылғы № 355 бұйрығына сәйкес мектепте қыркүйек айында Қамқоршылық кеңес құрылды. Қамқоршылық кеңес құрамы 9 адамнан құралған. Жыл басында жоспар құрылып, қаңтар,
мамыр айларында кеңес жұмысының есебі тыңдалды. Мектеп сайтына Қамқоршылық кеңес жұмысы орналастырып, көпшілікпен бөлісті. Қамқоршылық кеңес мүшелері жыл бойы мектептің барлық іс-шараларына белсене атсалысып отырды.
«Адал ұрпақ» еріктілер клубының жұмысы:
Модернизация бойынша Ұлттық комиссия отырысында мақұлданған (2016 жылғы 15 наурыздағы № 20-5/И-6 хатамма) 100 нақты қадам - Ұлт жоспарының қадамдарын практикалық тұрғыдан іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының13-қадамының 9-тармағын орындау шеңберінде, Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасына сәйкес, Тұжырымдамалық тәрбиелеу негіздеріне сәйкес дайындалған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша оқитын балаларға арналған тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастыру мақсатында 09.11.2016 жылғы № 332 бұйрығымен мектепте «Адал ұрпақ» еріктілер клубы құрылды.
Азаматтыққа, отансүйгіштікке, адамның құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне құрметті, адамгершілік сезімдер мен этикалық сананы, сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін, еңбексүйгіштікке, оқуға, еңбекке, өмірге жасампаздықпен қарауға тәрбиелеу мақсатында «Парасатты азамат» бұрышы жасалды. Және ол ай сайын жаңартылып отырды.
Рухани-адамгершілік тәрбие
Балалар мен оқушы жастарды рухани-адамгершілікке тәрбиелеуде интерактивтік әдістер арқылы дайындай отырып, рухани-адамгершілік мәдениет қалыптастыру жұмыстары бойынша 21 қыркүйек 4 қазан аралығында сыныптар бойынша «Ұстаз – ұлы есім» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Мектеп парламентінің ұйымдастыруымен «Дублер күні» өтті. Мектеп оқушылары барлық сабақтарда мұғалмдерді алмастырды. Оқушылар ұстаздарымыздың бос уақытын ұйымдастыру мақсатында «Квест», «Дебат», «Валейбол» өткізді. Қарттар күніне орай мектептің зейнеткер ұстаздары қонаққа шақырылып, оқушылар дайындаған концертті тамашалады. 23 қыркүйек күні «Күз сыйы» жәрмеңкесі өтті. 6-9 сыныптар арасында «Аяулы күз, алтын күз» сайысы өтті.
Жаңа жыл мерекесіне орай бастауыш сыныптар арасында «Таңғажайып жаңа жыл» атты қолөнер көрмесі өтті. 1-11 сыныптарда «Жаңа жыл 2023» атты мерекелік кеш өтті.
1 Наурыз алғыс айту күніне орай 6 сынып оқушыларымен «Алғыс айту- игі іс» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Мектеп парламентінің мүшелері жалғыз басты қарт кісілерге көмек қолын созып, үй шаруашылығына көмектесіп, игі іс атқарды.
8 наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесіне байланысты мектепте 1-11 сыныптарда сынып сағаттары өтті. Тәрбие сағаттарына ата-аналар қонақ ретінде шақырылды.
Аудандық білім бөлімінің бекітілген іс-шаралар жоспары негізінде 10 тамыз- 20 қыркүйек аралығында «Қауіпсіз мектеп» акциясының іс-шаралар жоспары құрылды. Жоспарланған іс-шаралардың мақсаты оқушылардың жолда жүру ережесін, әр бала өрт қауіпсіздігін білу және олардың алдын алу болып табылады.
Ұлттық тәрбие
22 наурыз мерекесіне орай, 1-11 сыныптарда «Наурыз – жыл басы» мерекесі өтті. . Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы мағлұматтармен танысу, халқымыздың салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын үйрете отырып, «Наурыз» қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету болып табылды. Барлық сыныптардағы тәрбие сағаттарын өткізу барысында сынып жетекшілердің сапалы дайындалуы ескертіледі. Ұлттық спортымызды дәріптеу мақсатында дене шынықтыру пәні ұстазы С.Қайырбековтің ұйымдастыруымен қазақ күресінен мектепішілік жарыс өтті.
Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбие
5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күні және ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен ашық лездеме және «Полиглот» зияткерлік сайысы өтті.
Кітапханашы А.Тантакова бастауыш сыныптар арасында «Абай оқулары» сайысын өткізді. Сайысқа 15 оқушы қатысты. Жеңімпаздар мадақтамамен марапатталды.
9 ақпан күні А. Қасым Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты сыныптан тыс шара өткізді.
Аудандық «Рауан Заря» газетінің 85 жылдық мерекесіне орай өткен жыр мүшәйрасына 11 сынып оқушылары қатысып, Мәдениетов Әділет І орын, Серкікқан Рамазан ІІІ орынға ие болды.
М.Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай 5 сынып оқушыларымен библиографиялық шолу өтті.
Қазақтың заңғар жазушысы, шығыстанушы, түркітанушы Мұрат Әуезовтің 80 жылдығына орай 10 сынып оқушыларына танымдық сағат өтті.
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 130 жыл толуына орай ақын өлеңдерінен челлендж өткізілді.
15 ақпан күні «Қауіпсіз интернет» тақырыбында сурет көрмесі өтті. Мақсаты:Оқушыларды жақсы өмірге тәрбиелеу,жаман қасиеттерден алшақтату.
Еңбек, экономикалық және экологиялық мәдениетті қалыптастыру
Қалалық іс-шаралар негізінде сәуір, мамыр айларында көгалдандыру жұмыстары ұйымдастырылып, күзгі тазалық жұмысы және көктемгі көгалдандыру, жазғы еңбек практикасы ұйымдастырылды. Мектеп оқушылары 17 қыркүйек күні өткен Республикалық сенбілікке қатысты. Сәуір айында 11 сынып оқушыларымен «Түлектер аллеясы» шарасы өтті. Түлектер мектеп ауласына көшеттер отырғызды.
5 сынып оқушылары «Жаңа Қазақстан-таза табиғат» экологиялық акциясына қатысты.
Мамыр айында 10 сыныптар «Тоғыз айға –тоғыз іс шара» жобасына қатысып, мектеп ауласына көшеттер отырғызды.
Отбасы тәрбиесі
Бала тәрбиесінде жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін мектеп пен ата-ана арасында тығыз байланыс орнауы тиіс. 2022-2023 оқу жылында 3 мектепішілік, 4 сыныптар бойынша ата-аналар жиналыстары өткізілді. Мектепішілік жиналыстарда жағдайы төмен отбасынан шыққан оқушыларға көмек көрсету, ыстық тамақпен қамтамасыз ету, «Мектепке жол», «Қамқорлық» акциялары туралы ақпарат, ата-аналардың сабаққа қатысуы, оқушылардың себепсіз сабақ босатуы, құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған жұмыстар, оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері және өзіне-өзі қол салудың алдын алу шаралары қарастырылды.
Күршім АПБ ЖПҚБ КТІ ж УПИ полиция лейтенанты А.Айдарханов бопсалаушылық деректері және ол үшін заң алдындағы жауапкершілік, кешкі уақытта үйінен тыс жерде жүру тәртібіне тоқталып, кешкі сағат 23.00-ден кейін кәмелетке толмағандар ата-ананың немесе қорғаушы қамқоршының қадағалауынсыз жүруге тиым салынатындығы ескертілді. Кездесу соңында мектеп психологі Н. Смагуова оқушылармен және ата-аналармен тренинг өткізіп, зорлық зомбылықтың алдын алу жолдарымен таныстырды.
Сыныптар бойынша жиналыстарда «Зорлық-зомбылықсыз және қатыгездіксіз балалық шақ», «Бала өміріндегі оқыс жағдайлар мен қауіп-қатердің алдын алу шаралары», «Ата–ананың бала тәрбиесіндегі ролі» тақырыптарында баяндамалар оқылды. Мектепішілік өткізілетін «Білім күні», «Соңғы қоңырау», «Жаңа жыл» мерекелік шараларына ата-аналар белсенді қатысады.
Қазақстандағы отбасы күніне орай салауатты өмір салтын қалыптастыру, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты, спорт мәдениетін кең тарату, оқушылар мен ата-аналардың сұлу да сымбатты , денсаулықтары зор болуы үшін спортпен айналысудың маңыздылығын түсіндіру мақсатында 7-8 сыныптар арасында «Толағай» отбасылық спорт сайысы өтті.
8 желтоқсан күні гимназиямызда «Әке көрген оқ жонар» атты семинар өтті. Семинарға 40 мектептің тәрбие жөніндегі орынбасарлары мен 80 әке қатысты. Мақсаты: балалар тәрбиесінде отбасы рөлін көтеру. Білім алушылардың отбасылық және әлеуметтік құндылықтары мен құзыреттерін қалыптастыруда отбасы, мектеп, әлеуметтік серіктестердің өзара ынтымақтастығын орнатуға жағдай жасау.
Бала тәрбиесіндегі қазақтың озық үлгісі - әжелер мектебі. Осы әжелер мектебінің жұмысы біздің мектепте қолға алынған. Әжелер мектеп кітапханасына жиі келіп оқушыларға ертегі оқып беріп отырады.
Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Л.Мұрат «Шеберлігіңді шыңда» атты сыныптан тыс шара өткізді. Іс шараға мектебіміздің аяулы әжелері С.Қайсина мен Р.Чепенова қатысты.
Сәуір айында 8 «б» сынып жетекшісі А.Чакенова қыздар мен және олардың аналарымен «Қыз өссе елдің көркі» тақырыбында сырласу кешін өткізді.
Дене тәрбиесі және салауатты өмір салты бағыты
Баланың өз еркімен шұғылдануға қажет дағдылар мен икемдіктерін қалыптастыру мақсатында мектепішілік тәрбие жоспарына сәйкес салауатты өмір салты бұрышы рәсімделіп, наркопост, жас полиция көмекшілері топтары құрылды. 3 қараша «Денсаулық күні» ұйымдастырылды. 5-10 сыныптар бойынша оқушылар арасында спорттық ойындар түрінен жарыстар өткізіліп, оқушылар марапатталды. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласы аясында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі М.Ақиолдинаның ұйымдастыруымен «Шахмат» ойын түрінен 6-11 сынып оқушылары және мұғалімдер арасында жарыс ұйымдастырылды. Қаңтар айының 18-25 аралығында оқушылар арасында насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында көңілді старт мұз айдынында жарыстар, шаңғымен, конькимен жарыс түрлері өткізілді. Жас ұрпақты салауаттылыққа тәрбиелеу мақсатында ЖҚТБ-мен күресу және алдын алу, жастар арасында кең тараған жұқпалы аурулардың бірі ЖҚТБ-дан аулақ болып, аурудың алдын-алу шараларын ұйымдастырып, сақтану керектігін насихаттау мақсатында 1-желтоқсан Дүниежүзілік ЖҚТБ-ға қарсы күрес күніне орай 02.12-15.12 аралығы «ЖҚТБ – ғасыр дерті» тақырыбымен онкүндік өткізіліп, 5-10 сыныптар бойынша «Наркотики путь в никуда», «Темекі шегудің зияны», тақырыптарында сынып сағаттары, осы тақырыпта мектеп медбикесі М.Сейтжанова 8-10 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесуде осы тақырыпта бейнефильм көрсетіліп талқыланды. Наурыз айында Дүниежүзілік Туберкулезге қарсы күрес күніне байланысты «Денсаулық-басты байлық» тақырыбында қызықты эстафета ойындары өткізілді.
Нашақорлықпен тұрақты әрі кешенді күрес жұмыстарын жандандыру мақсатында жыл басында «Наркологиялық бекет» құрылды. Мектеп психологы Н.Смагулова, мектеп инспекторымен бірлесе 8-11 сынып оқушылары арасында анонимді түрде есірткі, шылым шегудің алдын алу мақсатында сауалнама жүргізіп қорытындысы шығарылды.
6-9 сыныптармен «Салауатты өмір салты» атты кездесу өткізілді.
Мақсаты: Жас ұрпаққа дұрыс тамақтанудың денсаулық үшін маңыздылығын түсіндіру, салауатты өмір салты жөніндегі ұғымдарды кеңейту. Оқушының шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, әдемі де сымбатты болуға тәрбиелеу.
2022-2023 оқу жылында Волейболдан, Баскетболдан аудандағы басқа мектептермен 4 мәрте жолдастық кездесу өткізіліп, оның үшеуінде мектебіміздің командасы І орынға ие болды.
БЖСМ біріншілігінде волейболдан қыздар командасы ІІ, ІІІ орындарға ие болды. Жаттықтырушы дене шынықтыру пәні мұғалімі М.Ақиолдина.
Оқушыларымыз қазақша күрестен, теннистен, футбол, волейболдан үнемі жарыстарға белсенді қатысады.
З.Ашманов жаттықтыратын «Қол күресі» үйірмесінің жетістіктері ауыз толтырып айтарлықтай. ШҚО чемпионатында 8 оқушы жеңіс тұғырынан көрініп, Республикалық чемпионатқа жолдама алып, Құмарғазы Алдияр мен Қазбеков Төрежан І орынға ие болып, Әлем және Азия чемпионатына лицензияға ие болды. Құмарғазы Алдияр мен Қазбеков Төрежан БАӘ Дубай қаласында өткен Азия чемпионатында алтыннан алқа тағып, жеңіс тұғырынан көрінді.
Сынып жетекшілердің әдістемелік бірлестік жұмысы.
Мақсаты: бала тұлғасының дамуы
Ұжымда 23 сынып жетекшісі бар. Сынып жетекшілердің барлығы жоғарғы білімді.
Оқу жылының басында сынып жетекшілердің тәрбие саласы бойынша жоспар құрылды. Жоспар бірнеше бөлімнен тұрады: ашық тәрбие сағаттары, ашық іс-шаралардың өткізілуі, баяндамалар, шығармашылық есептер тәрбие саласындағы жаңалықтармен танысу т.б. Сынып жетекшілерінің отырыстары әр түрде өткізілді: дөңгелек үстел, пікір талас, семинар.
2022-2023 оқу жылында сынып жетекшілерге арналған 2 отырыс өткізілді. Бұл отырыстарда талқыланған мәселелер: мектеп оқушыларының бірыңғай формасы, сабаққа қатысуы, оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру, кезекшілік деңгейі, «Тәрбиелі ұрпақ-ел ертеңі», «Ата-аналар жиналысын өткізудің технологиясы», «Сынып жетекшілердің ата-аналармен жұмысын ұйымдастыру» тақырыптарында баяндамалар оқылып, талқыланды.
Бірінші сабаққа кешігіп келетін оқушылардың саны күннен күнге артып бара жатыр. Сынып сағаттарында оқушылармен жұмыс жүргізу қажет. Сонымен қатар ата-аналарына да ескертіліп отырылуы керек. Сынып жетекшісі күнделікті оқушының сырт бейнесін қадағалап тексеріп отырады.
Келесі оқу жылында талдаудың барлық жақтарын ескере отырып, жүйелі мазмұндағы тәрбие жұмысының жоспары бойынша жұмыс жүргізіледі.
Жыл бойы жүргізілген тәрбие жұмысы барысында жіберілген кемшіліктер:
1.Өткізген өзара ашық тәрбие сағаттарына сынып жетекшілер толық қатыспайды.
2. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жұмыстары әлсіздеу.
3. Тәрбие жоспарының ішінде өткізілмей, қамтылмай қалып кеткен шаралар болды.