Мектептің даму бағдарламасы » КГУ "Курчумская гимназия №3"
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің
"№3 Күршім гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72339) 3-17-42
Есепші бөлімі:
+7(72339) 3-17-42
Версия для
слабовидящих
05
сентябрь
2022

Мектептің даму бағдарламасы


Мектептің даму бағдарламасы

І. Бағдарлама паспорты


Атауы

2022-2027 жылдарға арналған мектептің даму бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме  

 Қазақстан Республикасының Конституциясы; 


 Қазақстан Республикасы «Білім туралы заңы»;


Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы


Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017-жылғы  12-сәуірдегі «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру атты бағдарламасы»


 Қазақстан Республикасының президенті Қ.К.Тоқаевтың 2019-жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеу негізі» атты Қазақстан халқына жолдауы


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  2022 жылғы  8 тамыздың  №382 бұйрығы


«ШҚО білім басқармасының Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің №3 Күршім гимназиясы» КММ жарғысы

Негізгі әзірлеуші  

«ШҚО білім басқармасының Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің №3 Күршім гимназиясы» КММ

Мақсаттары

  • Стандарт емес оқу тәсілдерін өндіру арқылы білім берудің оң нәтижелерін арттыру;
  • Оқу мен оқытудың инновациялық ортасын құруда педагогикалық ұжымның кәсіби дамуы мен шеберліктерін жетілдіру;
  • Бәсекеге қабілетті, өмірлік дағдыларын қалыптастыра алатын оқушы тұлғасын дайындау

Міндеттері

  1. Білім алушылардың білім сапасын 70% ға арттыру;
  2. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына мектеп оқушыларын қатыстыру көрсеткішін 3.23% арттыру;
  3. Білім беру саласындағы қолжетімділік пен теңдікті қамтамасыз ету(Өзін-өзі басқару ұйымының жұмысын жетілдіру, оқушы, ата-ана үніне құлақ асу)
  4. Мектептің білім беру мазмұнын жетілдіру мақсатында, материалдық-техникалық базаны жақсарту; 
  5. Функционалдық сауаттылықты, цифрлық сауаттылықты дамыту, негізгі оқу сауаттылығы, медиа, ақпараттық, қаржылық, ғылыми, математикалық сауаттылық, PISA білім беру сапасын халықаралық тұрғыдан зерттеу аясында дағдыларын қалыптастыру
  6. Инновациялық қызмет сапасы (Озық педагогикалық іс-тәжірибелерді жинақтау, тарату)
  7. Қосымша білім беруді дамыту;білім алушының зияткерлік, рухани-адамгершілік және физикалық дамуын қамтамасыз ету;
  8. Салауатты өмір салтын ұстануға жағдай жасау 
  9. Тілдік құзыреттілікті дамыту
  10. Кадр сапасын арттыру
  11. Мәңгілік ел" патриоттық актісі, "Рухани жаңғыру" бағдарламасы және "Туған жер" кіші бағдарламасы негізінде тәрбие жұмысының жүйесін іске асыру;
  12. Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларға жағдай жасау 

Күтілетін нәтижелер  

  1. Білім сапасының көтерілуі.
  2. Материалдық базаның нығаюы.
  3. Мектеп қызметінің басқару жүйесінің жетілдірілуі. 
  4. Бірлескен жұмыс арқылы мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін арттырылуы 
  5. Бірлескен орта құру арқылы ата-аналар мен оқушыларды мектептің жұмысына жүйелі түрде тартылуы

Іске асыру мерзімдері   

 2022-2027 жылдар

ІІ. Кіріспе

«Қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны тәрбиелеу және оқыту» деп атап көрсетілген ҚР білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында. «Ел боламын десең бесігіңді түзе» деп ұлы жазушы, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезов айтқан сөзде мәні терең мағына жатыр. Еліңнің ертеңі – жас ұрпақты жақсылап өсір деген сөз. Сондықтан, бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу әр ұстаздың міндеті. Қазіргі таңда білімге, ғылымға деген қызығуы жоғары, интеллектуалды жастар сомдау өзекті мәселе. Оны шешуге орта мектепте пәнді оқытуда ең алғашқы күннен бастап-ақ оқушылардың пәнге қызығушылығын, ынтасын арттыру керек және де білім беруде сабақты күнделікті өмірмен байланыстыра өту тиімді. Сапалы білім беруде мұғалім міндеті – білім технологиясын бүгінгі күн талабына сай жетілдіру. Бағдарлама бойынша дифференциалдап оқыту, сабақ барысына проблемалы әдісті қолдана білу, сабақтың әр бойында барлық оқушылардың толық жұмыс істеуін қамтамасыз ету, қайталау жұмыстарын шебер ұйымдастыра білу, сабақ барысында әрбір оқушының ерекшеліктерін ескере отыру, олардың белсенді әрекеттерін, әсіресе, ұйымшылдық пен еңбексүйгіштік қасиетін әрі қарай дамыту - әрбір мұғалімнің биік міндеті. Оқушылардың білімін жүйелі тексеріп, бақылап отыру оқушылардың жауапкершілікке, үнемі жұмыс істеуге баулып, оқушы білімінің тиянақтылығын, тереңдігін арттырады. Сондықтан біз өз тәжірибемізде оқушыға сапалы, тиянақты білім беріп, білімділік дағдыларын қалыптастыруда оңайдан қиынға, қарапайымнан күрделіге қарай оқытудың жүйелілік ұстанымын басшылыққа аламыз, білім тексерудің сан алуан түрлерін қолданамыз. Үлкен бір тарау өткенде білімді жүйеге келтіру, есепке алу өрісін жетілдіру – басты мақсатымыз. Сондай-ақ, «Педагог кәсібінің жоғары мәртебесін қамтамасыз ету, педагогикалық білім беруді жаңғырту» негізгі мақсаттардың бірі ретінде бағдарламада атап көрсетілген.


ІІІ. Бағдарламаның мақсаты

  1. Мектеп мәдениетін қалыптастыру; 
  2.  Оқытудың қауіпсіз және жайлы ортасын қамтамасыз ету;
  3. Мектептің білім беру жүйесін жақсартуда күш-жігер мен ресурстарды  шоғырландыру,   үздік әлемдік практикаға сәйкес келетін мектепті дамыту;

ІҮ. Бағдарламаның даму кезеңдері


2022-2023 жылдары - І кезең


Бағдарлама мақсаты негізінде комплексті түрде жүйелі жұмыс ұйымдастыру.

Қажетті ресурстармен қамтамасыз ету

Бағдарламаның нормативтік базасын әзірлеу және бекіту.

Оны іске асыру бойынша жұмыстың негізгі бағыттарын анықтау және талқылау


2023-2026  жылдары- ІІ кезең-Бағдарламаны жүзеге асыру


2026-2027 жылдары- ІІІ кезең

Бағдарламаны жүзеге асыру барысындағы нәтижелерді жинақтау, сараптама жасау, талдау, нақты ұсыныстар енгізу.  Нәтижелерді рәсімдеу және қорытындылау.  Озат тәжірибе жетістіктерін енгізу. Бағдарламаның жүзеге асырылуына қорытынды жасау.


Мектеп қызметінің ағымдағы жағдайына қысқаша сипаттама Мектептің 2022-2027 жылдардағы білім беру жүйесінің жағдайына талдау Мектептің сыртқы және ішкі даму перспективаларын бағалау 2022-2023жыл.

Кадрлық ресурстар


2021-2022оқу жылында гимназияда 62 мұғалім қызмет жасауда, оның 4уі декреттік демалыста, 2 зейнеткер,бүгінгі таңда мұғалім жұмыс жасап жатыр.


Оқу жылы

2019-2020

2020-2021

2021-2022

Мұғалімдер саны 

54

54

58

Жасы бойынша педагогикалық кадрлардың құрамы

Жасы бойынша  бойынша  мұғалімдер құрамы



Жасы 

2019-2020 

оқу жылы

2020-2021

оқу жылы

 2021-2022

оқу жылы

20-дан 30 жасқа дейін

11

17

14

31-ден 40 жасқа дейін

21

24

25

41-ден 50 жасқа дейін

8

9

10

51-ден 60 жасқа дейін

13

12

13

61 және жоғары

1

2

2

Зейнеткерлер


1

2

          Біліктілік деңгейі бойынша педагогикалық кадрлардың құрамы

Мұғалімдердің біліктілік 

деңгейі

Жылдар

Барлығы

Жоғары

санат

Бірінші санат

Екінші санат

педагог-зерттеуші

педагог-сарапшы

педагог-модератор

Санаты жоқ

сапалық құрамы

2019-2020 оқу жылы

54

3

9

5

14

10

6

7

66,6%

2020-2021 оқу жылы

54

2

8

3

19

10

5

12

67,8%

2021-2022 оқу жылы

62

2

9

4

20

10

7

11

61%


Кәсіби білім деңгейі бойынша педагогикалық кадрлардың құрамы

Кәсіптік білім

деңгейі

Жылдар

Барлығы

Жоғары білім

Орта арнаулы

Орта білім

2019-2020 оқу жылы

54

51

3

0

2020-2021 оқу жылы

54

48

6

0

2021-2022 оқу жылы

58

56

2

0


           3 жылдағы педагогикалық кадрлардың ауысуы

Жылдар

2019-2020 о.жылы

2020-2021о.жылы

2021-2022

Барлық мұғалімдер

54

54

58

Жұмыстан шыққан

4

2

2

Соның ішінде зейнеткерлер

2

1

-

Жұмысқа қабылданған

3

2

1

Соның ішінде жас мамандар

2

2

-

           Еңбек өтілі бойынша педагогикалық кадрлардың  құрамы 

Еңбек өтілі

2019-2020 оқу жылы

2020-2021 оқу жылы

2021-2022 оқу жылы

3 жылдан кем

2

4

     4

3 жылдан 8 жылға дейін

11

12

12

9 жылдан 16 жылға дейін

21

18

23

17 жылдан 20 жылға дейін

                 5

1

7

20 жылдан жоғары

15

19

16

Ішкі мықты жақтары

Ішкі осал жақтары

Қолайлы мүмкіндіктер

Сыртқы қауіптер (тәуекелдер)

Кадр жеткілікті көлемде Сапалық құрамы 83,5 %

Мұғалімдер саны          59

Жоғары санат     1

І санат        4

ІІ санат       1

Педагог-зерттеуші        19

Педагог-сарапшы         10

Педагог модератор      7

Санаты жоқ         12

Әлеуметтік педагог      1

психолог    2

досуг          1

Кәсіптік бағдар беру маманы-1

Барлық мұғалімдер диплом бойынша өз мамандықтарымен жұмыс істеуде

Мектепте музыка, технология, математика пән мұғалімдерінің, алғашқы әскери-технологиялық дайындық оқытушысы  жетіспеушілігі.

Біліктілікті арттыруға қатысты сайыстар,семинар тренинг, әдістемелік кеңестер өтуде. 

Кадрлардың жетіспей қалуы, Жалпы пән мұғалімдердің теориядық білімдердің аздығы, бәсекелестік аз

Шығармашылыққа мән бермеу

Материалдық-техникалық ресурстар

Материалдық-техникалық ресурстар

Мектептің материалдық-техникалық базасы білім беру мекемесінің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес, тиісті білім беру және әлеуметтік ортаны құруға жағдай туғызып, мемлекеттік білім беру стандартарын енгізуді және іске асыруды қамтамасыз етеді. 

Мекеменің  материалдық-техникалық базасы санитарлық, өрт қауіпсіздігі және терроризмге қарсы қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес келеді, бұл жыл сайын мекеменің қабылдау актілерімен, санитарлық және өрт қадағалау органдарының тексеру актілерімен расталады.


Мектеп 2011  жылы салынған үш қабатты типтік кірпіш ғимаратта орналасқан. Ғимарат- 3527 ш.м жеке абаттандырылған жер учаскесінде орналасқан 4(га), онда дене шынықтыру-спорт (футбол алаңы, баскетбол алаңы, әскери дайындық бойынша сабақтарға арналған алаң, географиялық алаң, жылыжай), шаруашылық, мектеп бағы аймақтары бөлінген. Мектеп аумағы дуалмен қоршалған. Аумақтың периметрі бойынша 16 бейнебақылау орнатылған. Ғимараттың периметрі бойынша сыртқы электр жарығы қарастырылған. Мектеп ғимаратының жобалық қуаты  600 оқушыға есептелген. Ғимарат орталықтандырылған инженерлік желілерге (суық сумен жабдықтау, кәріз) қосылған.Жеке жылыту жүйесі бар.

Оқушылар мен қызметкерлердің мектепте болу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін автоматты өрт дабылы орнатылған. Сондай-ақ, терроризмге қарсы қорғалу талаптарына сәйкес 1 стационарлық және 4мобильді дабыл түймелері,     1 турникет,  18 бейнебақылау (оның  5сыртқы, 13 ішкі) қойылып, мектепте күндізгі түнгі  күзет ұйымдастырылған.

Мектеп ғимаратында 33  оқу кабинеттері     бар. Сынып кабинеттерінің ауданы      63 ш.м. жоғары  көлемінде. Соның ішінде математика,  биология, информатика, жаңа модификациядағы физика, химия  мен робототехника кабинеттері,     Абайтану кабинеті, Қ.О. Бітібаева зертханасы,қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, тарих, география, технология, бастауыш сыныптар кабинеттері, Метел өндеу, ағаш өндеу шеберханалары.  Барлық кабинеттер оқушыларға арналған тақта, парта, орындық, әдістемелік құралдар мен әдебиеттерді сақтауға арналған шкафтар мен     мұғалімге арналған үстел,     моноблокпен жабдықталған. Мектеп     Күнделік.кz  электронды порталына қосылған, Wi-Fi модем арқылы таратылып, әр кабинетте  интернет желісіне қосылу мүмкіндігі бар.

Жаңа модификацияда – физика, химия  және робототехника кабинеттері 2018 жылы ашылды. Физика,химия кабинеттерінің ауданы -(63,3m2) ш.м. Робототехника– (86,8m2)  құрайды. Кабинетте  екі шкаф, 10 стол, 10 орындық,  2 демонстрациялық  үстел, мұғалімге арналған үстел, панель тақта, 10 ноутбук,   LEGО жиынтықтарымен жабдықталған. 

 Оқу        кабинеттері ескі мектептен келген, компьютер парталар 2008 жылғы. Бүгінгі күнде проектор, интерактивті тақталары істен шыққан. Жөндеу мүмкіндігі жоқ, себебі ескі модификациядағы жабдықтарға бөлшектер табылмайды.

Спорт ойын зал– 1(510,4m2).Гимнастика залы- 1(277,7m2) спорттық құрал-жабдықтармен (доптар, секіргіштер, шеңберлер т.б.) волейбол, баскетбол торларымен жабдықталған. 4 киім ауыстыратын бөлме бар, 1 киім ауыстыратын бөлмеде     душ     орнатылған. Aсхана – 1(148,8m2) 600 орынға, Aкт залы – 1(251,1m2) 600 орынға есептелген акт залы, Kітапхана – 1 (94,6m2) оқу залымен кітапхана  жұмыс жасайды. Кітапхана интернетке шығатын компьютермен жабдықталған. Бірінші қабатта Медициналық– 1(13,8m2),Стомотологиялық– 1(13,2m2),Терапевт – 1(9,9m2) бөлмесі орналасқан. Медициналық пункт барлық қажет құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. 


Мектептің материалдық-техникалық ресурсында компьютер -83, ноутбук- 102 дана, планшет- 17 дана,Барлығы:202  

Проектор ViewSonic 5шт, (оның ішінде 1 проектордың HDMI кабелін ауыстыру қажет), Проектор EPSON EB-X9-8шт,(оның ішінде  4проектордың лампасын ауыстыру қажет) , Проектор EPSON EB-X62 -4шт, Проектор inFocus-2шт,Проектор vivitek-1шт

Ішкі мықты жақтары

Ішкі осал жақтары

Қолайлы мүмкіндіктер

Сыртқы қауіптер (тәуекелдер)

*материалдық-техникалық жағдайлар білім беру процесін қауіпсіз режимде ұйымдастыруға мүмкіндік береді;

* материалдық-техникалық ресурстарды жыл сайын толықтырып, жаңарту

технология кабинетіндегі,     шеберханадағы материалдық-техникалық базаның тозуы;

* кітапханада компьютерлік техниканың жеткіліксіздігі;

*жабдықтар мен компьютерлік техниканың ескіруі

Интербелсенді тақталар дұрыс істемеуі, интернет жылдамдығы аз, проекторлардың болмауы, барлық кабинеттерде болмауы химия биология кабинеттеріне реактивтер микроскоп керек

материалдық-техникалық базаны дамытуға бюджеттен тыс қаражат тарту

*мүмкіндігінше оқу кабинеттерін жаңарту; 

*кітапхана жиһазын жаңарту, компьютерлік техникамен қамтамасыз ету

* жылыту жүйесін жөндеу жұмыстарын жүргізу;


*дыбыстық ескерту (речевое оповещение) орнату

бюджет қаражатының жеткіліксіз бөлінуі;

Ақпараттық ресурстар

Ішкі мықты жақтары

Ішкі осал жақтары

Қолайлы мүмкіндіктер

Сыртқы қауіптер (тәуекелдер)

Мектеп кітапханасының оқулықтармен толық қамтамасыз етілуі; мектептегі әдістемелік ғылыми жұмыстардың жүйелі өтуі; мектепте интернет желісінің жұмыс істеуі; қосымша оқыту платформаларын қолдану; Ұстаздардың басылымдарға жазылуы, Республикалық басылымдар мен жинақтарға материалдар жариялау. «Оқуға құштар мектеп» электронды оқу түрінің болуы,     «Кітапханаға кітап сыйла» жобаларының жүйелі жүргізілуі.

Мұражайдың болуы, көрмелер ұйымдастырылуы, 

Мектеп бағдарламасына сай көркем әдебиеттің болмауы

«Жетекші мектеп» ретінде мұғалімдердің ақпараттармен бөлісуі. Ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен семинарларға қатысу арқылы ақпараттар алуы.


Оқушылардың саяхаттау мен серуендеуіне жағдайлардың жеткілікті болуы. (Қиын Керіш, 

Жидебай өңіріне саяттау мүмкіндігінің жоғары болуы. Аудан орталығындағы мұражайдың болуы.

Бағдарламаның өзгеруі мүмкіндігі

 Кейбір жекеленген оқыту және білім беру сайттарының ақылы болуы.

Оқушылардың осал тұстарының қаржы жетіспеу салдарынан көрмелер мен мұражайларға саяхат жасау мүмкіндіктерінің аздығы.

Педагогикалық басылымдарға, әсіресе әдістемелік және әкімшілік басылымдардың қымбатшылығы.

«Цифрлық сауаттылық» пәні бойынша қажетті оқыту дискілерінің келмеуі.

Білім беру және инновациялық қызмет сапасын арттыруға оқу-әдістемелік шарттар

Оқушы  контингенті

Контингент

2019-2020 оқу жылы

2020-2021 оқу жылы

2021-2022 оқу жылы

Оқушылардың жалпы саны (соның ішінде мектепалды оқушы)

433

459

446

-бастауыш сынып 

196

177

174

-орта буындағы сынып 

169

177

195

-жоғары сынып 

68

49

40

Сыныптар саны және 

орташа сыйымдылық

0,55

0,56


Мектепалды даярлық сынып

45

59

37

Сыныптар саны

24

26

24

Мектеп оқушыларының контингенті:

Сыныптар

жылдар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

барлығы

2019-2020

54

40

54

48

45

41

29

31

23

34

34

433

2020-2021

34

55

38

50

44

40

36

27

30

19

30

459

2021-2022

53

36

49

36

48

46

40

35

26

22

18

409

Мектепалды даярлық тобы бойынша:


Оқу жылы

Қамтылған жасы

Оқушы саны

2019-2020

5-6

45

2020-2021

5-6

59

2021-2022

5-6

37



Мектеп бойынша оқушылардың білім сапасы:

жылдар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1-11

2019-2020

100

90

90,7

91,7

68,9

61

65,5

58,1

60,9

55,9

82,4

77,8

2020-2021


92,7

78,9

92,0

88,6

70,0

69,4

59,3

63,3

78,9

60,0

78,8

2021-2022


77,8

75,5

72,2

62,5

65,2

55,0

54,3

69,2

68,2

72,2

66,9

Ішкі мықты жақтары

Ішкі осал жақтары

Қолайлы мүмкіндіктер

Сыртқы қауіптер (тәуекелдер)

Барлық пәндердің сапалы игертуі әкімшілік тарапынан қадағаланып, әдістемелік кеңестерде пәндердің игерілуі талқыланып отырылды.  Барлық сыныптарда бөлімдер және тоқсандар бойынша бақылау жұмыстары алынып, оқушылардың білімді меңгеру дәрежесі модерациялық топтар отырысында талқыланып, бірлестіктер отырыстарында қаралып, хаттамалары тіркелді.


2021-2022 оқу жылын  0-11-сыныптарда 446  оқушы аяқтап, 103 оқу үздіктері, 135 оқушы оқу екпінділері қатарында болып, 66,9 % білім сапасын көрсетті.


«Жаңа педагогикалық технология әдіс-тәсілдерін ұштастырып, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру және білім сапасын арттыру» өзекті тақырыбы аясындағы мақсаттарға бағытталған оқу-тәрбие жұмыстары жоспарлы түрде жалғастырылды.  

Педагогикалық ұжым түрлі деңгейдегі ғылыми практикалық конференцияларға, инновациялық семинарларда баяндамалар оқып жүлдегер атанды.

2021-2022 оқу жылының қорытындысы бойынша мектебіміздің білім сапасы – 66,9 пайыз болды. Өткен оқу жылымен салыстырғанда оқу озаттарының саны 48 оқушыға кеміп , оқу екпінділерінің саны 2 оқушыға артты. 

Білім сапасының жылдық қорытындысын өткен оқу жылымен салыстырғанда 9-сыныптың білім сапасы – 5,9%-ға , 11- сыныптың білім сапасы -12% -ға жоғарылаған. 

2-сыныптың білім сапасы - 14,9%-ға, 3-сыныптың білім сапасы – 3,4%-ға, 4-сыныптың білім сапасы – 19,8%-ға, 5- сыныптың білім сапасы -26,1%-ға, 6-сыныптың білім сапасы – 4,5%-ға,7-сыныптың білім сапасы – 14%-ға, 8-сыныптың білім сапасы – 4%-ға, 10-сыныптың білім сапасы – 10%-ға төмендеген себебі , биылғы жылы мектебіміз оқу жоспары төмендетілген оқу жүктемесімен   жүргізілуіне байланысты физика, география, химия,тарих,биология пәндерінің сағаттары қысқартылды.

 Сыныптар бойынша білім сапасының қорытындысы бойынша ең төменгі көрсеткіш 5-8, 10-сыныптарда екендігі байқалады.5-сыныпта -62,5 %-ды, 6-сыныпта 65,2%-ды, 7-сыныпта 55,0%-ды, 8-сыныптарда 54,3%-ды, 10-сыныптарда 68,2%-ды құрайды. Осы тұста үлгерімі төмен оқушылармен жұмыстың жүйелі түрде жүргізілмегені байқалады. 

Қашықтан оқыту кезінде жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша зертханалық және тәжірибелік жұмыстардың өз деңгейінде орындалмауына әсер етті. Сондықтан, жаратылыстану бағытындағы пәндердің зертханалық және тәжірибелік жұмыстарының өз деңгейінде орындалуына көңіл бөлу қажет. Сабақ уақытында оқушылардың байқау, ғылыми зерттеуді жоспарлау, деректерді алу және ұсыну, нәтижелерді түсіндіру тәрізді зерттеушілік, ойлау, сөйлеу және коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға ерекше назар аудару қажет.

Білім берудің қосымша платформалары мен заманауи оқыту арқылы оқушылардың білімге құштарлығын жетілдіру жолдарын қарастыру керек.

Оқушылардың білім сапасын арттыруда жазба сабақтарында оқушылардың орфографиялық сауаттылықтарын арттыру жұмыстарын жүйелеу;

Жаратылыстану пәндерінен оқушылардың білім сапасын арттыру мен білім олқылықтарын толықтыру жұмыстары кеңінен қарастыру, оларды зерттеу жұмыстарына тарту.

Оқушылардың білім сапасына жүргізілген жүйелі мониторинг нәтижелерін талдау және оларды әдістемелік бірлестікте талқылау.

Жекеленген мұғалімдердің инновациялық қызметке тартуда белсенділіктерінің төмендігі байқалды. 

Ғылыми-әдістемелік жұмыстарда педагогикалық ұжымға ғылыми зерттеу ісімен айналысуды тиімді жолдармен жүйелеу керек.

Ұстаздардың  теориялық білімді кеңейте отырып, озық оқыту әдістерін және өзінің тұлғалық кәсіби даму траекториясын дамытуды жоспарлы түрде жүргізуді енгізу қажет.

Оқушылардың жан-жақты білім алуына мектеп кітапханасы барлық оқулықтармен қамтамасыз етілген. Соңғы 3 жылдық көрсеткіш бойынша кітап қоры 1909 –ға көбейді, жаңа буын оқулықтар саны 1869-ға көбейді.

Мектепте физика, химия пәнінен, робототехника жаңа модификациялы кабинет жабдықталған. Сондай-ақ, білім беруде инновациялық қызметті жүзеге асыруда түрлі білім сайттарынан қосымша платформаларды қолдануға мүмкіндік бар. Мектепте білімді сапалы меңгертуде теория мен практика байланысын қамтамасыз етуде химия және физика, биология лабораториялары жабдықталып, жеке лаборанттар бөлінген.

Оқушылардың тарих, әдебиет, дүниетану, жаратылыстану, география пәндерінен білімді терең игертуге бағытталған мұражайдың болуы. Олардың тақырыптарға орай саяхаттау мен серуендеуіне жағдайлардың жеткілікті болуы. (Берел қорымы, Қиын-Керіш Марқакөл қорығы,

Жидебай өңіріне) саяттау мүмкіндігінің жоғары болуы. 

Оқушылардың қабілеті мен дарындылығын дамытуға бағытталған https://daryn.online сайттарымен келісімшарт жасау арқылы қолжетімді болуы. Мектепте педагогикалық ұжым OnlineMektep;        https://kundelik.kz ресурстары мен бейне материалдарын қолдану қолжетімділігі.

https://mektep.edu.kz; https://bilimland.kz/kkсондай-ақ оқушыларды ЕНТ, ББМЖ және БЖМ, ТЖБ бойынша дайындық ретінде https://itest.kz/ru;  Testter kz; 

 сайттарының қажет кездерде ақылы болуы.


 Оқушылардың интеллектуалды ой-өрісін кеңітуде және жан-жақты білімді тереңдетуде облыстық, республикалық, халықаралық онлайн сайыстар мен олимпиадалар, ғылыми практикалық конференциялардың ақылы жүргізілуі. 


Мектепте интернет желісінің әлсіздігі  қолайсыздық туғызады. 


Қыста аяз күндері болу салдарынан сабақтардың онлайн режимінде өтуі, оқушылардың біліміндегі кемшіліктердің артуына әсер етті. Сондай-ақ, бастауыш сыныптың жекеленген  оқушыларының интернет желісімен қосыла алмауы онлайн сабақтардың сапасын кемітті.

Білім беру мазмұнын іске асыру

Ішкі мықты жақтары

Ішкі осал жақтары

Қолайлы мүмкіндіктер

Сыртқы қауіптер (тәуекелдер)

Оқу жылындағы жоғары нәтижелер:


Оқушылар мемлекеттік қорытынды аттестаттауды жоғары деңгейде тапсырды;

9-сыныптан 4 оқушы Үздік куәлікке, 11-сыныптан 4 оқушы Алтын белгі мен 2 оқушы «Үздік аттестатқа» ие болды 

Мектеп оқушылары пәндік олимпиадалар мен ғылыми жоба қорғау сайыстарында, интеллектуалды конкурстарда  жоғары нәтиже көрсетті.Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қортыныдысы бойынша «ҮЗДІК АУЫЛ МЕКТЕБІ - 2021» жеңімпазы атағына ие болды;

 «Жетекші мектеп» ретінде Lesson Studu зерттеу сабақтарын аудан көлемінде жоғары деңгейде көрсете білді;

Білім мазмұнын іске асыруда таңдау курстардың рөлін арттыру назарда болды;

Бірлестіктер жұмысы білім мазмұнын іске асыру бағытында бірнеше іс-шараларды нәтижелі ұйымдастырды;

БЖБ және ТЖБ көрсеткіштері назарда болып, тоқсандық талқылау жүргізілді.

Ағымдағы оқу жылында келесі осал жақтары байқалды:

*оқушылардың білімді терең де жан-жақты игертуде және оқушы қызығушылығын ескеруде мектептегі пәндік таңдау курстарының ролінің әлі де төмен қалып отырғандығы;


 *Мектепте жекеленген кабинеттерде интернет желісінің төмендегі, қолжетімсіздігі;


* Кабинеттердің толық заманауи ақпараттық құралдармен қамтылмауы салдарынан жекеленген пәндерден қосымша оқыту платформаларының мүмкіндігін қолдану мүмкіндігі болмады;


 * оқушы білімін кеңейту мақсатындағы аралас оқыту мен гибритті оқытуды жүзеге асыруда оқушының үйінде де жақсы техникалық және бағдарламалық құралдардың болмауы;


* Жекеленген ата-аналардың әлеуметтік жағдайының төмендігінен оқушылардың ақпараттық білім сайттарынан қосымша білім ала алмауы; 


 *ата-аналармен Kundelik kz арқылы кері байланыстың әлі де жеткіліксіздігі, олармен білім мазмұнын толық меңгертудегі педагогикалық ұжым жұмысының жүйелі жүргізілмеуі;


* жекеленген мұғалімдердің сабақты түрлендіріп қызықты өткізе алмауы;


 *Қолдауды қажет ететін оқушылардың сезімдері мен көңіл-күйімен санаспау және оқушыны өз бетінше жұмыс істеуге ынталандыра алмау.


 *Ал ата-аналар тарапынан мектептен қажетті ақпараттар ала алмауы салдарынан оқушы білімдерінің төмендеуі;


 * кейбір пәндерден оқушының  үй тапсырмасының жеке қабілеттеріне сәйкес берілмейтіні, сондай-ақ, шамадан тыс жұмыстар тапсырылатыны (сауалнама қорытындысы бойынша), немесе оқушының қабілетін дамыту және білім беріктігін қамтамасыз ету тапсырмалардың берілмеуі;


*мектептегі «оқушы үні» және мектептегі жастар ұйымының оқу үдерісін жоспарлауға аз қатысатындары, сөйтіп білім мазмұнын меңгертуде оқушы пікірі ескерілмейтіні көрсетілген.


*жекеленген мұғалімдердің озық оқыту технологияларын нашар пайдалануы; әсіресе диалогтық оқыту модулін сабақтарға ықпалдастыруда, ЖАДА қолдануда кемшіліктер жіберді;


   *Сабақтар барысында оқушының тақырып бойынша деңгейін бақылауға бағытталған қалыптастырушы бағалауды жүйеле қолданбау;


*жекеленген  пәндерден оқушыларды түрлі деңгейдегі интеллектуалды сайыстар мен шараларға тартуды жүйелі жүргізбеу;

Білім мазмұнын іске асыруда мектепте келесі мүмкіндіктер бар:

* мектептегі  мұғалімдердің көпшілігінің санатының жоғары деңгейде болуы     (педагог-зерттеуші, педагог-сарапшы)


* оқу жылы көлемінде мұғалімдердің курстарынан өтуі;

* ауданда  жақсы жабдықталған кітапхананың болуы және мектеппен тығыз байланысы.

* Жоғарғы оқу орындарымен байланыста болуы;

* ШҚО білім департаментінің ұйымдастырған түрлі тақырыптардағы интерактивті диктант түрлеріне қатысу;

*«Шығыс» Дарын орталығымен байланыстың болуы;

Қашықтан оқыту кездеріндегі теориялық білімді жеткілікті түрде ала алмағандықтан практикада дұрыс қолдана алмауы,  пән мұғалімдерінің оқушыларының білімін жеткілікті түрде сабаққа қатысуын басқару құзіреттілігінің төмендеу қаупі.


*Білім беру арасындағы сабақтастықтың әлсіздігі, әсіресе ауданда «алмасу оқушысы», мектептер арасындағы байланыстың әлсіздігі, «көшбасшылық» модулінің әлі де жүйелі енгізілмеуі;

*Информациятандырудың төмендігі


* бағдарламалар мен оқу жұмыс жоспарындағы өзгерістер, жалпы білім мазмұнындағы өзгерістердің алдын-ала ескертілмеуі, жан-жақты талқыланбауы;


*пән мұғалімдерінің жетіспеуі 







Білім алушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерінің даму шарттары, білім беру сапасы

Ішкі мықты жақтары

Ішкі осал жақтары

Қолайлы мүмкіндіктер

Сыртқы қауіптер (тәуекелдер)

Оқу жылының басынан дарынды оқушылардың тізімі жаңаланып, жоспар құрылды. Мектеп бойынша дарынды оқушылармен жұмыстың даму бағдарламасын жасап, мақсаты мен міндеттерін     белгіледі, жылдық жоспар жасап, бекітіледі. 

Соңғы 3 жылда тек қана пәндік олимпиадалар(5-7сыныптар, 8-11 сыныптар арасындағы) көрсеткіштері бойынша мониторингілесек: аудандық пәндік олимпиада жүлдегерлері 84 оқушы, облыстық олимпиада жүлдегерлері 48 оқушы. Республикалық олимпиада 1 оқушы жүлдегерлер атанған. (КИО физика пәніненЖампеисов Айбар 1 орын)

Өткен жылмен салыстырғанда аудандық пәндік олимпиадаға биылғы жылы бастауыш сынып оқушылары арасында олимпиаданың болмауы) 16 оқушыға кем болса, түрлі пәндік  облыстық олимпиадалар нәтижесі де 20 оқушыға көбейді.

Ғылыми –зерттеу жоба конкурсы 3 жылдық қорытынды бойынша аудандық жүлдегерлер 20 оқушы, облыстық жүлдегерлер 12 оқушы, республикалық жоба жүлдегерлері 9 оқушы.  2021-2022 оқу жылында облыстық ғылыми жобалар байқауынан 1 оқушымыз республикалық кезеңге өтіп, сертификтқа ие болды.

  • Орта және жоғары сынып оқушыларының білуге құмарлығы, жаңаны іздеуге ұмтылуы, мәселені шешу мен іздеуге икемділігін арттыру мақсатында пәндік ғылыми жоба, әлеуметтік жазу жұмыстарын жүйелеуде кемшіліктер жіберілді;
  • Оқушының интеллектуалдық қабілеттерін арттыру мақсатындағы түрлі дәрежедегі конкурстар мен сайыстарға оқушылардың қатыстыруда мұғалімдердің белсенділіктері әлі де төмен деңгейде қалып отыр;
  • Қабілетті және дарынды оқушылармен диагностикалық зерттеулер жүргізе отырып, қабілеттерін анықтау және жетілдіру  нәтижелерін салыстыру жұмыстары назардан тыс қалды;
  • Оқушылардың қабілеттері мен жеке тұлғасын дамыту мен әлемдік білім беру кеңістігінде өздерін еркін ұстай білуге бағыттауда сабақ үстінде күрделі және логикалық тапсырмалар мен зерттеулер беру, нәтижелерін сыныптар мен мектепте жариялау жұмыстары жүйеленбеді;
  • Пән мұғалімдері оқушы дарындылығының моделін білу; дарынды оқушыларды (жекелей және топпен)оқытуға арналған бағдарлама құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс істей білуі; іс-тәжірибеде қолдану жұмыстарын әлсіз жүргізді;
  • Дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді қолдану әлі де төмен деңгейде қалып отыр.
  • Мектепте дарындылықты анықтау картасын жасау назардан тыс қалды: “Дарындылық картасы” әдістемесі (Савенков);  Джонс креативтілігі сауалнамасы; оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің диагностикасы; Оқу мотивін анықтау сауалнамасы; Баланың профильдік қызығушылығын анықтау әдістемесі;  Жалпы дарындылықты анықтау әдістемесі ( ата аналарға сауалнама)
  • «оқушылардың түрлі дәрежедегі олимпиадалар мен сайыстар, интеллектуалды ойындар мен конкурстар туралы жүйелі хабардар етіліп отырылады;
  • Мектепте дарынды оқушыны дамытуға бағытталған қосымша білім сайттары мен оқыту платформаларын қолдануға мүмкіндік жасалған,  интернет желісі бар.
  • Мектеп кітапханасы жыл көлемінде үзбей жұмыс жасайды, қажетті басылымдар мен энциклопедиялармен қамтылған;


Интернет сайттардың зиянды жақтарының қолжетімдігі;


Жекеленген пәндерден ғылыми зерттеу жұмыстарын жасау қызығушылықтарының төмен болуы, жоғарғы оқу орындарынан ғылыми жетекшілер жобамен танысу және пікір жазуда белсенділік танытпауы;


Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар мен идеалдарға бағдарланған белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке тұлғаны қалыптастыру және өзін-өзі іске асыру шарттары

Ішкі мықты жақтары

Ішкі осал жақтары

Қолайлы мүмкіндіктер

Сыртқы қауіптер (тәуекелдер)

Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар мен идеяларға бағдарланған белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке тұлғаны қалыптастыру және өзін –өзі іске асыра білетін тұлға ретінде  қазіргі заман талабына сай бәсекеге қабілетті, заманауи тұлға болып қалыптасады. Нақты азаматтық ұстаным бар, өзінің көзқарасын дәлелдей алатын көшбасшылық қабілеті қалыптасқан, өзін қандайда бір салада дамытып, елеулі жетістіктерге өз жауапкершілігі мен еңбекқорлығының арқасында жете алады. Өз елінің, ұлтының патриоты ретінде қоғамға қызмет етеді. Басқаларға үлгі болады.

Өскелең ұрпақты жалпыадамзаттық ұлттық идеяға сай жеке тұлға ретінде қалыптастыру барысында тәрбиелік жұмыстар негізгі білім бағдарламасынан тысқары қалып қояды.  Сынып сағаттары аптасына бір рет ғана болғандықтан, бүкіл тәрбиелік процесс қамтылмайды. Тәрбиелік шаралар сабақтан тыс уақытта болғандықтан оқушының бос уақыттарын түгелдей қамту мүмкін емес. 

Тәрбиелік іс –шараларға байланысты шұғыл ақпараттарды және шаралар нәтижесін  әлеуметтік желілер арқылы  оқушылар мен ата-аналарға уақытылы хабарлауға ыңғайлы

Жалпыадамзаттық құндылықтары жоғары     тұлға басқалары жайлы жаман ойламау себептерінен  басқалардың қателерін көрмеуі , өзгелерге сенгіш, өздері     алданып қалуы мүмкін. (әр түрлі діни ағымдардағы топтарға: экстремизм, терроризм, ланкестік ұйымдар тсс)

Білім алушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру және іске асыру шарттары

Ішкі мықты жақтары

Ішкі осал жақтары

Қолайлы мүмкіндіктер

 Сыртқы қауіптер (тәуекелдер) 

Қазіргі таңда салауатты өмір салтын сақтауға байланысты ақпараттық практикалық жұмыстардың қолжетімділігі арқылы тиімді профилактикалық  жұмыстар жүргізу тиімді. (бейнеролик, мамандармен онлайн/офлайн кездесу, тәжірбие жасау). Мектептегі дене шынықтыру, қосымша  салауатты өмір салтын дәріптейтін үйірме секциялардың, сабақ үстіндегі және үзілістегі  сергіту сәттері, нейрогимнастикалары, би флеш-мобтары арқылы үйлестіруге болады. Спорттық сайыстар, отбасылық көңілді старттар, табиғат аясында демалыс саяхаттары мектеп тәрбие жұмысында қарастырылған

Жеке тұлғаның денсаулығына  және физиологиялық даму ерекшеліктеріне байланысты барлық тәрбиеленушілерді бірдей тарту мүмкін емес. Әр түрлі өмір салтын        қалыптастырушы сайыстар негізінде оқушылар сабақты көп босатады, білім олқылықтары пайда болады

Гаджеттер арқылы бағдарламаларды орнатып әр түрлі фитнес немесе дұрыс тамақтану, жаттығу үлгілерін күн тәртібі бойынша енгізіп, сол арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыруды іске асыру қолайлы.

Ғаламтордағы  салауатты өмір салтын сақтауға шақыратын ақпараттардың бәрі шынайы болмауы мүмкін.


Ағымдағы жағдайдың талдауыSWOT-талдау

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

  • 53,7%-педагог-зерттеуші және педагог-сарапшылар;
  • 11-педагог деңгейлік бағдарлама курстарын аяқтаған;
  • 95%-педагог жаңыртылған білім беру бағдарламасы курстарын аяқтаған;
  • Қалыптасқан жұмыс алгоритмі;
  • Педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру жүйесі;
  • құндылықтарға негізделген білім беру оделі,
  • түлектермен жүйелі жұмыс нәтжесінде қолдаудың басымдылығы,
  • қалыптасқан Гимназия ұжымы ,
  • дарынды оқушылардың басымдылығы;
  • үш тілді білім беру жүйесі;
  • кәсіби тәжірибелі педагогтардың болуы;
  • сапалы тәрбие жұмыстары;
  • ЖОО грантқа түсуі;
  • Облыстық деңгейде тәжірибе алмасу семинар, конференцияларының өткізілуі, 
  • Ата-анамен қарым-қатынасының жаңа форматта «Мектеп ата-ана консилиумы»;
  • білім сапасын бақылаудың жеткіліксіздігі
  • Білім сапасы -69% 
  • жаңа модефикацияланған кабинеттердың аздығы 
  • күн тəртібіндегі мəселелердің көптігі
  • тәжірибесі аз жас мамандардың сабақ сапасының төмен болуы
  • Материалдық базамыздың өте нашар болуы. (проэкторлардың ламполары күюуі, сынып тақталардың, спорттық инвентарлардың, тарих, географиялық карталадың ескіруі)
  • Оқушылардың олимпиадаға дайындығының аздығы. Республикалық көлемінде жоқтығы
  • Дарынды оқушының өзіндік даму, өзіндік білім көтеруінің жұмыс жоспарының жоқтығы;
  • «Алтын белгіге» үміткерлердің аздығы
  • Әлеуметтік серіктестік байланыста жұмыс істеуіміз
  • Интернет желісіне қосылған қазіргі заманғы оқу кабинеттерінің жоқтығы

Мүмкіндіктер

Қауіптер

  • Кафедра жұмысын жандандыру; 
  • Сабақты зерттеу (Lesson Study), тәлімгерлік, Іс-әрекеттегі зерттеу, құндылыққа негізделген басқару (оқу және тәрбие жобалары) , бағалау жұмыстарын жандандыру, педагог қызметін бағалауды енгізу;
  • «Оқушы үні» оқу мен тәрбие үрдісінде қолдану;
  •  «БиС» технологиясын жүйелі пайдалану ,
  • Эксперименттік алаңдар, инновациялық жобалармен айналысу;
  • білім саласындағы жақын серіктестер: NOVA, EduCon, Edlight т.б.
  • «Оқуға құштарлық мектеп», «Дебаттар», «Мектеп парламенті», «Балалар және театр» жобаларын іске асыру;
  • педагогикалық кадрлардың кетуі
  • гаджеттердің қолдануы артуда
  • ауылдық оқушылардың азаюы
  • Оқушылардың психологиялық әлсіздігі
  • Сапалы білім алуға оқушылар мен ата-аналардың ынтасыздығынан түлектер көп уақыттарын әлеуметтік желіге жұмсау қаупі 

III. Мектептің миссиясы, мақсаттары мен міндеттері

Мектептің миссиясы: Оқушылардың қабілеттерін дамыту арқылы адами құндылықтарды бойына сіңірген, өзін-өзі ұдайы жетілдіретін, кез келген мәселені оңтайлы шешуге дағдыланған бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру.

       Мектептің мақсаты: мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген білім берудің әрбір деңгейі бойынша ғылым жүйесінің базистік негіздерін игеру негізінде тұлғаның құзыреттілігін, жан-жақты дамуын және кәсіби бағдарлануын қалыптастыру болып табылады. (Мектеп жарғысына, оқу тәрбие жоспарында бекітілген мақсат)

   Мектептің міндеттері: 

1) құзыретті тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға бағытталған білім беру бағдарламаларын игеру арқылы білім алушылар мен тәрбиеленушілердің функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау;

2) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген ғылымның базистік негіздерін алуын қамтамасыз ету;

3) тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру;

4) азаматтыққа және патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;

5) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттілігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;

6) отандық және әлемдік мәдениет жетістіктеріне баулу, қазақ халқының және Қазақстан Республикасында тұратын басқа да ұлттардың тарихын, салт-дәстүрлерін зерделеу;

7) мекемеде нәсілдік, этникалық, діни, әлеуметтік ымырасыздық пен айрықшалықты насихаттауға, милитаристік және халықаралық құқық пен ізгіліктің жалпыға бірдей танылған қағидаттарына қайшы келетін өзге де идеяларды таратуға тыйым салынады

IV. Мектепті дамытудың басым бағыттары

  • Жаһандық білім беру трендтерінде негізгі білім беру сапасын қамтамасыз ету
  • Оқу-тәрбие процесіндегі психологиялық қызметтің ролін кеңейту, күшейту.
  • Оқушылардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған мектептің жұмыс жүйесін жетілдіру. 
  • Материалдық-техникалық және оқу базасын жетілдіру.
  • Үш тілде оқыту бағытындағы жұмыс жүйесін жетілдіру. 
  • Құндылықтарға негізделген тәрбие беру;.
  • «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы-Білімнің салтанаты басымдылығына сәйкес білімнің сапасын арттыру, оны экономиканың сұранысына икемдеп,  кәсіби бағыт беру.
  • Ақпараттық мәдениеті мен АКТ кәсіби құзіреттілігін арттыру.

V. Бағдарламаны іске асыру тетіктері

Оқу-тәрбие жоспары

«Жас Ұлан» ұйымының жоспары

Мектептің өзі-өзі басқару ұйымының жоспары

Әдістемелік-шығармашылық топтар жоспары

Психолог, әлеуметтік педагог, кітапханашы, тәлімгер жоспары

Кәсіби бағдар беру маманының жоспары

  VI. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер

  1. Білім сапасының көтерілуі.
  2. Материалдық базаның нығаюы.
  3. Мектеп қызметінің басқару жүйесінің жетілдірілуі. 
  4. Бірлескен жұмыс арқылы мұғалімдердің кәсіби шиберліктерін арттырылуы 
  5. Бірлескен орта құру арқылы ата-аналар мен оқушыларды мектептің жұмысына жүйелі түрде тартылуы



Жылдар

Іс--шаралар

Орындаушылар

 2022-2023 оқу жылы



 Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерін жоспарлау. Мектепішілік бақылау арқылы білім сапаны арттыру

LS зерттеуі арқылы білім сапаны  арттыру, нысаналы сыныптар.

 Әкімшілік 

Шығармашылық топ

 Педагог кадрлардың сапалық құрамын арттыру

 ДҒІЖО

Функционалдық сауаттылықты, цифрлық сауаттылықты дамыту, негізгі оқу сауаттылығы, медиа, ақпараттық, қаржылық, ғылыми, математикалық сауаттылық, PISA білім беру сапасын халықаралық тұрғыдан зерттеу аясында дағдыларын қалыптастыру жұмыстарын жоспарлау. Тест материалдарын жинақтау. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру жұмыстарын жүргізу

ДОІЖО, ДҒІЖО, МИФ, жаратылыстану, бастауыш, қазақ тілі, орыс тілі кафедралары

Мұғалімдер мен оқушылар арасында олимпиадалық резервін жасау

ДОІЖО

Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылармен жеке бағдарланған жұмыс жүргізу

ДОІЖО, психолог

Пән мұғалімдері

 «Оқуға құштар мектеп», «Дебат» жобаларын іске асыру. Мектеп бағдарламасына сай көркем әдебиетке тапсырыс беру

 ДТІЖО, кітапханашы

Педагог, ұйымдастырушы, қазақ тілі кафедрасы

Өзін-өзі басқару ұйымының өзін-өзі басқару күнін өткізу

Парламент

Педагог ұйымдастырушы

Зияткерлік, спорттық, шығармашылық және мәдени конкурстарға, жарыстарға, фестивальдар мен байқауларға қатысу нәтижелерін жақсарту бағытындағы жұмыстар.

ДОІЖО

Қосымша біліммен қамту. «Домбыра» «Драма» үйірмесін құру.

ДТІЖО, педұйымдастырушы

Музыка пән мұғалімі, гуманитарлық пәндер мұғалімдері

Ұлттық құндылықтарды  дамыту іс-шараларын өткізу

ДТІЖО, тарих кафедрасы

 «Әке көрген оқ жонар»семинар, «Мейірім төккен ана» мерекелік шаралар,«Мектептегі бір күн» ата-аналарға арналған ашық есік күнін өткізу

Әкімшілік

Білім сапасы төмен сыныптарда педагогикалық консилиумдар өткізу

Әкімшілік

МТБ-ны күшейту, тапсырыс беру, интернет желісін күшейтуге сұраныс жасау, ағымдағы жөндеу жұмыстарын өткізу. Спорт құрал-жабдықтарға (волейбол, баскетбол, теннис доптары, хоккей жабдықтары, шахмат тақталары) тапсырыс беру

Директор, ДШІЖО, ДОІЖО, дене шынықтыру кафедрасы

2023-2024 оқу жылдар

Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың жоспарын ұдайы жетілдіру (Әр оқу жылының басында) 

Әкімшілік

Қоғамдастық жұмысын серіктес мектептермен байланыс орнату арқылы жетілдіру (Авторлық бағдарламалар, нұсқаулықтар, ғылыми жұмыстар, т.б)

ДҒІЖО

Функционалдық сауаттылықты, цифрлық сауаттылықты дамыту, негізгі оқу сауаттылығы, медиа, ақпараттық, қаржылық, ғылыми, математикалық сауаттылық, PISA білім беру сапасын халықаралық тұрғыдан зерттеу аясында дағдыларын қалыптастыру. Байқау тестерін өткізу.

ДОІЖО, МИФ, жаратылыстану, бастауыш, қазақ тілі, орыс тілі кафедралары

«Зерттеуші» қоғамдастық жұмысын жоспарлау. Видеоконтент топтамасын жасау (Төңкерілген сынып)Авторлық бағдарламалар. «Мен әдіскер» -әдіс-тәсілдер методикалық құрал жасау

Магистранттар. Шығармашылық топ, ІТ мамандары

Мұғалімдер мен оқушылар арасында олимпиадалық резервін жұмысын жетілдіру (жеңімпаздар үлесін жетілдіру)

ДҒІЖО

Эссе жазу дағдыларын дамыту (Қазақ тілі)  7 сыныптарда 250 сөз

Қазақ тілі кафедрасы

«Мектептегі бір күн» ата-аналарға арналған ашық есік күнін өткізуді жетілдіру, түрлі шаралар арқылы үштік одақты күшейту мақсатында мектеп жобаларын жасау. Ата-аналар спортакиадасын өткізу.

Әкімшілік

 «Домбыра», үйірме жұмыстарын жетілдіру. Мектеп оркестрін құру. «Хор», «Вокал», «КТК», «Мобилограф», «ТВСтудия» клубын, үйірмелерін жүргізу. 

ДТІЖО, пед.ұйымдастырушы, кәсіптік бағдар беру бойынша маман.

Мектептегі спорт үйірмелерінің жұмысын жандандыру (волейбол, тоғызқұмалақ, шахмат, хоккей)

ДТІЖО, дене шынықтыру пән мұғалімдері

Қосымша біліммен қамту. Технология пәнінен оқушыларды өнерге баулу (қол өнері, ағаш жону т.б)

ДТІЖО, Технология пән мұғалімдері

Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылардың жұмысын жетілдіру. Мектепішілік,аудан, облыс, республикалық сайыстар, шығармашылық көрмелерге тарту. 

ДОІЖО, психолог, пән мұғалімдері

Жалпы және кәсіптік білім беру арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ете отырып, колледж, жоғары оқу орындарының оқытушылары, жұмыс берушілер тұлғасындағы әлеуметтік әріптестерді таңдау бойынша курстарды әзірлеуге және жүргізуге тарту, мектеп түлектерінің неғұрлым тиімді өзін-өзі анықтауы

Кәсіптік бағдар беру бойынша маман

Өзін-өзі басқару ұйымының жұмысын жетілдіру. Мектептегі "электрондық үкіметті" енгізу. 

Парламент, пед.ұйымдастырушы

Гимназия түлектерімен жұмыстар жүргізу. Түлектермен жылдық басқосулар, Гимназиядің материалдық жағдайын жақсартуда белсенділікті арттыру, оқушылармен кездесулер ұйымдастыру

ДТІЖО, педұйымдастырушы,

Кәсіптік бағдар беру бойынша маман

МТБ-ны күшейту, ағымдағы жөндеу жұмыстары, сыртқы қоршауларды жөндеу, зертхана жабдықтарына тапсырыс беру, толықтыру

Директор, ДШІЖО, лаборанттар

2024-2025

«Зерттеуші» қоғамдастық жұмысын серіктес мектептер және ЖОО мен байланыс орната жетілдіру.. Видеоконтент,(Төңкерілген сынып)Авторлық бағдарламалар. «Мен әдіскер» -әдіс-тәсілдер методикалық құралдарын мектеп сайтының әдістемелік көмек парағына орналастыруды жүйелендіру. Озық тәжірбиелерді тарату жұмысын жүргізу

Магистранттар. Шығармашылық топ

ІТ мамандары

Функционалдық сауаттылықты, цифрлық сауаттылықты дамыту, негізгі оқу сауаттылығы, медиа, ақпараттық, қаржылық, ғылыми, математикалық сауаттылық, PISA білім беру сапасын халықаралық тұрғыдан зерттеу аясында дағдыларын қалыптастыру. Байқау тест мониторингісін жасау.

ДОІЖО, ДҒІЖО, МИФ, жаратылыстану, бастауыш, қазақ тілі, орыс тілі кафедралары

Педагог кадрлардың сапалық құрамын арттыру. (Болашақ, шетелдік  дипломы бар мамандарды тарту, Стандартталған IELTS  тесттеріне даярлау мақсатында пән мұғалімдеріне курстарға тапсырыс беру)

ДҒІЖО, ағылшын тілі кафедрасы

Эссе жазу дағдыларын дамыту (Қазақ тілі)  8 сыныптарда 300 сөз

Қазақ тілі кафедрасы

Мұғалімдер мен оқушылар арасында олимпиадалық резервін жұмысын жетілдіру (республикалық, халықаралық жеңімпаздар үлесін жетілдіру, үш жылдық мониторингісін шығару)

ДҒІЖО,ДОІЖО

«Мектептегі бір күн» ата-аналарға арналған ашық есік күнін өткізуді жетілдіру, Ата-аналар спортакиадасын өткізуді дәстүргі айналдыру.

Әкімшілік

Домбыра, Хор», «Вокал», «КТК», «Мобилограф», «ТВСтудия» клуб үйірмелерін жетілдіру  (аудандық, облыстық, республикалық шараларға қатысуды ұйымдастыру)

ДТІЖО, педұйымдастырушы, кәсіптік бағдар беру маманы

Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылардың жұмысын жетілдіруде мектепішілік әдістемелік кеңес өткізу 

ДҒІЖО,психолог, пән мұғалімдері

Оқушылардың өзін-өзі басқару органдарын дамыту. Сынып ұжымдарының табыстылығының ретингтік жүйесін енгізу. 

Парламент, педұйымдастырушы

МТБ-ны күшейту, ағымдағы жөндеу жұмыстары, ішкі туалеттерді  жөндеу, көк тақталарға, интерактивті тақталарға, бейнебақылау камераларына тапсырыс беру, толықтыру

Директор, ДШІЖО, ДОІЖО, ІТ мамандары

2025-2026

4К моделіне бағдарланған білім беру процесін жетілдіру (сыни ойлау, креативтілік, коммуникация, үйлестіру)

Әкімшілік, педұжым

Педагог кадрлардың сапалық құрамын арттыру. (Аттестация комиссиясының жұмысы әдістемелік көмек отырыстарын өткізу, Стандартталған IELTS тестіне дайындау пәнін еңгізу).

ДҒІЖО, ағылшын тілі кафедрасы

Функционалдық сауаттылықты, цифрлық сауаттылықты дамыту, негізгі оқу сауаттылығы, медиа, ақпараттық, қаржылық, ғылыми, математикалық сауаттылық, PISA білім беру сапасын халықаралық тұрғыдан зерттеу аясында жұымтарды жүйелендіру

ДОІЖО, ДҒІЖО, МИФ, жаратылыстану, бастауыш, қазақ тілі, орыс тілі кафедралары

Мұғалімдер мен оқушылар арасында олимпиадалық резервін жұмысын жетілдіру (республикалық, халықаралық жеңімпаздар үлесін жетілдіру)

ДҒІЖО,ДОІЖО

Эссе жазу дағдыларын дамыту (Қазақ тілі)  9 сыныптарда 350 сөз

Қазақ тілі кафедрасы

«Мектептегі бір күн» ата-аналарға арналған ашық есік күнін өткізуді жетілдіру, «Мен балама үлгімін» волонтерлік жұмыстарға тарту. Ата-аналардың басқаруымен тәрбие сағаттар өткізуді ұйымдастыру

Әкімшілік

Үйірмелердің жұмысымен қамтылған білім алушылардың үлесін арттыру. «Домбыра», «Хор», «Вокал», «КТК», «Мобилограф», «ТВСтудия» клубын, үйірмелеріне қатысушылар саны, нәтижелігін үш жылдық сараптамасын шығару. Олқылықтарды жою.

ДТІЖО, педұйымдастырушы, кәсіптік бағдар беру бойынша маман

Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылардың жұмысын жетілдіруде мектепішілік ата-аналар жиналысын, оқыту сабақтарын өткізу

ДТІЖО, ДОІЖО, психолог

Оқушылардың өзін-өзі басқару органдарын дамыту. ""Ең үздік сынып" сынып ұжымының шығармашылық белсенділігінің конкурсын өткізу

Парламент, педұйымдастырушы

Оқушылардың тәрбиелілік, патриотизм деңгейін жыл сайын диагностикалау және талдау.

ДТІЖО, педұйымдастырушы

Көгалдандыру, «Туған жерге тағзым» акциясына қатысу

Жаратылыстану, тарих кафедрасы, кафедрасы


МТБ-ны күшейту, ағымдағы жөндеу жұмыстары,  спорттық құрал-жабдықтарға тапсырыс беру, толықтыру

Директор, ДШІЖО, ДОІЖО, дене шынықтыру пән мұғалімдері

2026-2027

Мектеп педагогтары әзірлеген сандық білім беру ресурстарының санын арттыру (видеолекциялар, электрондық оқу басылымдары және т. б.)

ДҒІЖО, ІТ мамандары

Мектептің үздік педагогтарының тәжірибесін тарату бойынша іс-шаралар өткізу. Бейне-сабақтарды, онлайн сабақтарды, конференцияларды, семинарларды, мастер-класстарды түрлі сайттарда және БАҚ-та орналастыру

ДҒІЖО, ІТ маманы

Жыл сайын аттестаттау барысында біліктілік санатын арттыратын педагогикалық және басшы қызметкерлерді аттестаттаудың жаңа жүйесіне, соның ішінде үш тілді білім беру аясында қатысу (Қазақстан тарихы мұғалімдері – Қазтест, АГ сертификаттары). (информатика, химия, физика, биология – TOEFL, IELTS және IT-құзыреттіліктері).

ДҒІЖО, пән мұғалімдері

Оқушылар үшін –«Идея +», «бұл білу қызықты» мектептің кеңістіктік білім беру ортасын құру;.

Парламент педұйымдастырушы

«Мектептегі бір күн» ата-аналарға арналған ашық есік күнін өткізуді жетілдіру "Отбасылық тәрбие университеті"ата-аналарға үздіксіз білім беру бағдарламасын әзірлеу. "«Ата-аналарға арналған мектеп» кеңес беру желілік пунктін ұйымдастыру.

Әкімшілік

 «Домбыра», «Хор», «Вокал», «КТК», «Мобилограф», «ТВСтудия» клубын, үйірмелерін жұмысын жүйелендіру. 

ДТІЖО

Педұйымдастырушы, кәсіптік бағдар беру маманы

Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылардың жұмысын жетілдіру

ДОІЖО, психолог, пән мұғалімдері

Оқушылардың өзін-өзі басқару органдарын дамыту. ""Ең үздік сынып" сынып ұжымының шығармашылық белсенділігінің конкурсын өткізу

Парламент, педұйымдастырушы

Оқушылардың құқықтық білім- білігін жыл сайын диагностикалау және талдау.

ДТІЖО, Құқық негіздері пән мұғалімдері

Көгалдандыру, «Туған жерге тағзым» акциясына волонтерлік жұмыстарға қатысу

Жаратылыстану, тарих кафедрасы

МТБ-ны күшейту, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жасау.

Директор, ДШІЖО



      

Похожие публикации:

01 декабрь 2023 Хореограф қажет!!!