Құқық кеңесі » КГУ "Курчумская гимназия №3"
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің
"№3 Күршім гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72339) 3-17-42
Есепші бөлімі:
+7(72339) 3-17-42
Версия для
слабовидящих
17
сентябрь
2020

Құқық кеңесі

View this post on Instagram

№3 Күршім гимназиясында бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу мақсатында «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу» құқық кеңесінің I отырысы онлайн форматта өтті. Құқық кеңесі аудандық білім бөлімінің әдіскері А.С.Джакуперова мен аудандық АПБ ЖПҚБ КТІ УПИ полиция капитаны Е.О.Тубиевтің қатысуымен өтті. Оған 9-11 сынып оқушылары қатысты. Кеңесте ҚР әкімшілік құқық бұзу туралы кодексі және ҚР қылмыстық кодексі бойынша баптары талқыланып, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп атамыз қазақ айтқандай, әрбір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытта немен айналысатынына қатаң бақылау жасаса, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың төмендеуіне көп септігін тигізер еді. Сонымен қатар, әр азаматтың міндеті - заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан өзіне жүктелген міндетін орындау. Заңның ең басты мақсаттарының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Заңды білмеу – құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Заңды білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен құтқармайтынын білеміз.

A post shared by 🏳kurchum_gymnasium №3🏳 (@kurchum_gymnasium) on

Похожие публикации:

07 декабрь 2021 "жас саяхатшылар"
16 сентябрь 2020 ZHIGER!