Мектеп сайты туралы ақпарат » КГУ "Курчумская гимназия №3"
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің
"№3 Күршім гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72339) 3-17-42
Есепші бөлімі:
+7(72339) 3-17-42
Версия для
слабовидящих
» » Мектеп сайты туралы ақпарат
02
сентябрь
2019

Мектеп сайты туралы ақпарат

 
 Құрметті оқушылар, ата-аналар және сайт қонақтары!

          "№3 Күршім гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жеке сайты ашылды.
          Оқу -тәрбие үрдісі өте күрделі процесс. Бұған қоғамдық орта, ата-аналар да белсене араласу керек. Ең үлкен бақыт - тәуелсіз Отанымыз! Ал осы Отанымыздың іргесі берік, тұғыры мықты болуы - білімді ұрпақ қолында. Олай болса, ұрпақ тәрбиесіне бей - жай қарамай, барлығымыз да үлесімізді қосайық. "Бала тәрбиесі - баршаға ортақ", - деп бекер айтылмаса керек. Құрметті ата-аналар! Мектеп, сынып жайлы және балаңыздың білімі жөнінде мәліметтерді осы сайт арқылы біле аласыздар. Көкейде жүрген ойыңыз, өзіңізді алаңдатып жүрген сұрақтар төңірегінде де пікір алмасуға болады. Іске сәт!
         Мектеп сайтының басты мақсаты – мектеп, оқушы, ата-ана арасында тығыз байланыс орнату. Мектебімізде білім және тәрбие беру салаларында атқарылып жатқан жұмыстарымызды бірыңғай ақпараттық кеңістік арқылы басқа пайдаланушыларға ұсына білуге қалыптасу.
         Міндеті - ақпараттық кеңістіктегі жарияланып жатқан өз саламыздағы түрлі материалдарды пайдаланушы ғана емес, оған қоса ұжым мүшелерінің әрқайсысының өздігінше ізденіп, оқу-тәрбие жұмысында жаңа технологияларды пайдаланудағы жұмыс нәтижелерін басқалармен бөлісуге үйрету, осы арқылы мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылығын насихаттау, олардың беделін көтеру.

Мектеп сайтының мекен-жайы: http://3-kurchum.mektebi.kz/

Похожие публикации:

01 сентябрь 2020 Ақпарат kundelik.kz!
20 ноябрь 2019 ОЖСБ