06
февраль
2026
Асхана мен ас блогының санитарлық-гигиеналық және жалпы жағдайын бақылау қорытындысы
Асхана мен ас блогының санитарлық-гигиеналық және жалпы жағдайын бақылау қорытындысы2026 жылғы 05 ақпан күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия мүшелері асхана мен ас блогының санитарлық-гигиеналық және жалпы жағдайын бақылау мақсатында тексеру жұмыстарын жүргізді. Құрылған бракераж комиссиясы асхана қызметіне жан-жақты зерделеу жасап, бір күндік тағам сынамасын, ас мәзірін, асхананың тазалығын, тоңазытқыштардың жағдайын, сондай-ақ азық-түліктердің жарамдылық мерзімдерін мұқият тексерді.Перспективалық ас мәзіріне сәйкес ыстық тағам күнделікті беріліп, тұрақты бақылауда ұсталады. Тағамдарды дайындау технологиясы бекітілген ас мәзіріне сай жүзеге асырылуда. Аспазшылардың арнайы жұмыс киімі таза, жұмыс орындары санитарлық талаптарға толық сәйкес келеді. Шағымдар мен ұсыныстар журналы жүргізіледі. Күнделікті дайындалған тағамнан сынама алынып отырылады. Асхана таза ауыз сумен толық қамтамасыз етілген. Мектеп асханасы денсаулық бұрыштарымен безендірілген.