Қыркүйек айындағы тамақтану сапасының мониторингі
2025-2026 оқу жылында оқушылардың қыркүйек айындағы тамақтану сапасының мониторингі жөніндегі комиссияның есебі
Барлық есепті кезең ішінде мектептегі бракераж комиссиясының мүшелері төмендегі жұмыс түрлерін атқарады:
Мектеп асханасының жұмысы;
Ас блогі қызметкерлерінің міндетті медициналық тексеруден уақытылы өтуін және гигиена ережелерін сақтауын бақылау;
Келіп түскен тамақ өнімдерінің сапасы;
- Мектеп асханасы қызметкерлерінің азық – түлік пен дайын тағамдарды сақтау мерзімдері мен шарттарын;
- Тоңазытқыш-технологиялық жабдықтардың жарамдылығын бақылау;
- Тамақ өнімдерінің сапасын, олардың сапасын куаландырылатын құжаттардың болуын бақылауды жүзеге асырау;
- Тағамдарды дайындау технологиясы мен сапасын бақылау;
- Ас мәзірінің дайындық дәрежесін, нормаға және бекітілген ас мәзіріне сәйкестігін бақылау;
- Дайын тамақты органолептикалық бағалау.
Дайын тағамдардың органолептикалық бағалау нәтиежелерін «дайын өнімнің бракераж журналына» енгізуді қадағалауды жүзеге асырды.
Ыдыстарды,үстелдерді жуу және дезинфекциялау санитарлық – гигиеналық нормаларға сәйкес күн сайын жүргізіледі. Асхана қызметкерлері қауіпсіздік техникасы мен нормаларын сақтайды. Тамақтану кестеге сәйкес жүзеге асырылады. Бракераждық комиссия мүшелері оқушылардың тамақтануына күнделікті бақылау жүргізеді.
Тексеру жүргізгендер:
- Ж.А.Нуриманов– комиссия төрағасы;
Комиссия мүшелері:
- С.Касымканова– тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары;
- Ш.Альжаппарова– Қамқоршылық кеңестің төрайымы;
- Л.Б.Килибаева– ата-аналар қауымдастығы өкілі;
- Г.Сайнұлдаева, Н.Қажыбаева– әлеуметтік педагог;
- М.Сейтжанова - медбике;
- Б.Есимова– асхана меңгерушісі;
- Ғ.Катпанова– кәсіподақ төрайымы.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысымен және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 31.10.2018ж №598 бұйрығымен бекітілген. Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы №ҚР ДСМ-76 бұйрығын және әлеуметтік педагогтың кезекті айлық жоспарына сәйкес 10-шы қыркүйек күні бракераж комиссия мүшелерімен мектептегі тамақтануды ұйымдастыру сапасына зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерделеу барысында келіп түскен тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімі сертификатпен салыстырылып қаралды. Тағамдардың дайындалу технологиясы, тоңазытқыш-технологиялық жабдықтардың жарамдылығы, қоймадағы азық түліктің сақталуы, қолданылатын ыдыс-аяқтың талаптарға сәйкестігі, ас үлесінің мәзірге сәйкестігі, тәуліктің сынаманың уақытылы салынып, қол жуу, кептіргіш құралдарының жасап тұрғандығы, асхана тазалығы талапқа сай болуы зерделенді. Өрескел кемшіліктер болмады.
Алға қарай да оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар заң шеңберінде жалғасын табады.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығына қосымша «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтарды ұсыну» мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартын басшылыққа алып, аталған бұйрықтың 9 тармағында және ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысымен көрсетілген құжаттар көп балалы отбасынан шыққан балаларға, аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға, қамқорлыққа алынған балаларға жинақталды.
Асхана жайлы 2025-2026 жаңа оқу жылында тегін ыстық тамақтанатын 1-4 сынып оқушыларының саны – 163; мемлекеттік атаулы көмек алуға құқығы бар отбасынан шыққан балалар, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан және жетім балалар санаты бойынша тамақтанатын оқушы саны 5-11 сыныптарда – 29. Жылдың басында бекітіп берген ас мәзірі бойынша тамақ берілді.
Бақылау барысында асхана қызметкерлерінің санитарлық талапқа сай жұмыс атқарып отырғандығы және азық-түлікті пайдалану мерзімінің, ас мәзірінің мәзірге сәйкестігі талапқа сай екендігі анықталды.
Мектебіміздің асханасы 100 орынға арналған. Оқушылардың жекелеген санаттарына байланысты мектепте тегін ыстық тамақпен қамту жақсы жолға қойылған.Тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың құжаттары ҚР Білім және ғылым министрінің «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша қабылданады. Сонымен қатар тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың асханадан тамақтануы күнделікті қадағаланады. Оқушылардың тегін ыстық тамақпен қамтылуы үнемі бақылауда болады.
Комиссия асхана жұмысының жүргізілуін көріп,мынадай қорытындыға келді.Шешім:
1. Тамақ өнімдерінің сапасы, тағамдарды дайындау технологиясы талапқа сай екенін анықтады.
2. Бекітілген мәзір бойынша дайын ас көлемінің шығымы өз деңгейінде.
3. Азық – түліктердің сақталуы дұрыс жасалған.
