22
апрель
2024
Педагогикалық этика
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің "№3 Күршім гимназиясы" КММ-де Педагогикалық этика туралы "Бір толқында" атты отырыс өтті. Отырыс барысында гимназия директоры Нуриманов Ж.А. сөз берілді. Директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары Асанова Д.Ж. өз сөзінде педагогикалық әдептің негізгі қағидаттары туралы айтып өтті. Ұстаздардың киім киісі, өздерін ұстау әдебі, мәдениеттері талқыланды. Педагогикалық әдептің негізгі нормалары жайында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Қазретова Қ.О. айтты. Психолог Смагулова Н. ұстаздармен тренинг өткізді.









