Материалы за 28.11.2022 » КГУ "Курчумская гимназия №3"
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің
"№3 Күршім гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72339) 3-17-42
Есепші бөлімі:
+7(72339) 3-17-42
Версия для
слабовидящих
» Материалы за 28.11.2022
Балалар жылы аясында мектебімізде 9-11 сыныптар арасында Ю.А.Гагарин атындағы N1 Күршім орта мектебінің командасымен баскетболдан жолдастық кездесу өтті.
28
ноябрь
2022
Балалар жылы аясында мектебімізде 9-11 сыныптар арасында Ю.А.Гагарин
Балалар жылы аясында мектебімізде 9-11 сыныптар арасында Ю.А.Гагарин атындағы N1 Күршім орта мектебінің командасымен баскетболдан жолдастық кездесу өтті. Кездесудің нәтижесінде мектебіміздің командасы 2 орынға ие болды. Арманұлы Арон “Үздік шабуылшы” атанды. Ұйымдастырған: Дене шынықтыру пәні мұғалімі С.Қайырбеков
Бала құқығы – адам құқығы»
28
ноябрь
2022
Бала құқығы – адам құқығы»
Бала құқығы – адам құқығы» республикалық онкүндігінің аясында 11 сынып оқушыларымен “Өз құқығыңды білесің бе?” тақырыбында сабақ өтті. Мақсаты: Құқық мәдениеті және құқықтық сананы жетілдіру, заңды іс-әрекетке саналы түрде ұмтылуға баулу Ұйымдастырған: Тарих пәні мұғалімі Д.Ж.Асанова
2022 жылдың 10-11 қараша аралығында 8 – 11 сынып оқушылары арасында республикалық Әбіш оқуларының жеңімпазы
28
ноябрь
2022
2022 жылдың 10-11 қараша аралығында 8 – 11 сынып оқушылары арасында
2022 жылдың 10-11 қараша аралығында 8 – 11 сынып оқушылары арасында республикалық Әбіш оқулары өтті Байқаудың мақсаты - мектеп оқушылары арасында Әбіш шығармаларын насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, сөз мәдениетін дамыту, жазушының рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихи танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана – сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру. Байқау қорытындысы бойынша
Мектебіміздің кітапханашысы А.И.Тантакованың ұйымдастыруымен мектепішілік “Жаздым үлгі жастарға бермек үшін” атты Абай өлеңдерін жатқа айтудан көркем сөз оқу сайысы өтті.
28
ноябрь
2022
Мектебіміздің кітапханашысы А.И.Тантакованың ұйымдастыруымен
Мектебіміздің кітапханашысы А.И.Тантакованың ұйымдастыруымен мектепішілік “Жаздым үлгі жастарға бермек үшін” атты Абай өлеңдерін жатқа айтудан көркем сөз оқу сайысы өтті. Сайысқа 2-4 сынып оқушылары қатысты . Мақсаты: Оқушылардың жатқа оқу, мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру , Абай Құнанбаев жайлы білім, білік дағдыларын кеңейту, ойын жүйелі айтуға, өз бетінше қорытынды жасауға тәрбиелеу . Сайыстың соңында көрермендер, қатысушылар мен ата -аналардың арасында сұрақ-жауап ойнатылып, Абайдың
Аудандық “Жайдарман 2022” байқауы
28
ноябрь
2022
Аудандық “Жайдарман 2022” байқауы
Аудандық “Жайдарман 2022” байқауында гимназиямыздың 7-8 сынып оқушыларынан құралған “ГимназияМикс” командасы жүлделі ІІІ орынға ие болды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Республикалық олимпиада жеңімпазы-Есманова Жанерке
28
ноябрь
2022
Республикалық олимпиада жеңімпазы-Есманова Жанерке
Астана қаласында "Балалар жылы" аясында ұйымдастырылған республикалық балалар оқулары байқауының 9-10 сыныптар санатында 1-орын иеленгені үшін №3 Күршім гимназиясының 10-сынып оқушысы Есманова Жанерке марапатталды!