30
июль
2018
Ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы
Ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 18 ақпандағы № 135
бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 ақпанда № 10351 тіркелді
«Облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың орталық және жергілікті атқарушы
органдары қызметінің тиімділігін жыл сайын бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы
Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігін бағалау әдістемесі
бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру
мен ақпарат комитеті (С.С. Сарсенов):
1) осы бұйрықтың заңнамамен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен
кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарда және Қазақстан
Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылықты
жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық
жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің
интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен
кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген,
іс-шаралардың орындалу туралы мәліметтерді жіберуді қамтамасыз етсін.
3. «Ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 137
бұйрығының (Казахстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет»
ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 21 сәуірде жарияланған Қазақстан Республикасының
нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9194 болып тіркелген) күші
жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму
вице-министрі А.Қ. Жұмағалиевке жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 18 ақпандағы
№ 135 бұйрығымен бекітілген
Ақпараттық технологияларды қолдану тиiмдiлiгiн бағалау әдістемесі
Ескерту. Әдістеме жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а.
26.11.2015 № 1108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ақпараттық технологияларды қолдану тиiмдiлiгiн бағалау әдістемесі (бұдан әрі –
Әдістеме) «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың,
астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі
туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығын іске асыру
мақсатында әзірленген.
2. Осы Әдістеме 2015 жылдың есептік кезеңі үшін ақпараттық технологияларды қолдану
тиімділігін бағалау үшін қолданылады.
3. Әдістеме мемлекеттік орган қызметінің айқындылығын арттыру және процестерін
оңтайландыру үшін орталық мемлекеттік органдармен (бұдан әрі – ОМО) және облыстардың,
республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – ЖАО)
ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігін бағалау жөніндегі рәсімдердің жиынтығын анықтау
үшін арналған.
4. Осы Әдістемеде мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешенді қолданумен ақпаратты сақтау, өңдеу,
іздеу, тарату, беру және ұсыну үшін арналған жүйе;
2) ақпараттық технологиялар – ақпаратты жинауды, құруды, сақтауды, толықтыруды, өңдеуді,
іздеуді, шығаруды, көшіруді, беруді және таратуды қамтамасыз ететін технологиялық кешенге
біріктірілген әдістердің, өнеркәсіптік процестердің және бағдарламалық-техникалық құралдардың
жиынтығы;
3) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталы – заң жобалары
тұжырымдамаларының және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын орналастыруды қамтамасыз
ететін «электрондық үкімет» веб-порталының құрамдасы;
4) интернет-ресурс – ашық ақпараттық-коммуникациялық желіде жұмыс істейтін электрондық
ақпараттық ресурс, оны жүргізу және (немесе) пайдалану технологиясы, сондай-ақ ақпараттық өзара
іс-қимылды қамтамасыз ететін ұйымдық құрылым;
5) мемлекеттік органдардың интранет-порталы (бұдан әрі – МО ИП) мемлекеттік ақпараттық
жүйе болып табылатын және ұжымдық жұмыс құралдарымен, қажетті ақпараттық ресурстармен
мемлекеттік қызметшілерді қамтамасыз ету, ұйымдық міндеттерді шешу және ақпарат алмасу үшін
арналған ведомствоаралық корпоративтік ақпараттық жүйе;
6) нәтижелі критерий – мемлекеттік органдардың жасалған жұмыстарының (функцияларының)
қортындысын бағалауға бағытталған критерий;
7) процестік критерий – нәтижеге жетуге көзделген жұмыстардың (функциялардың) орындалу
ретін бағалауға бағытталған критерий;
8) толықтай автоматтандырылған функция – ақпараттық жүйелерде автоматтандыруға жататын
барлық процестер орындалатын мемлекеттік органның функциясы;
9) ішінара автоматтандырылған функция – ақпараттық жүйелерде автоматтандыруға жататын
процестің бір бөлігі орындалатын мемлекеттік органның функциясы.
5. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен (бұдан әрі – уәкілетті орган) ақпараттық
технологияларды қолдану тиімділігін бағалау үшін уәкілетті органның қызметкерлерінен жұмыс
тобын құрады.
6. Уәкілетті органның ақпараттық технологияларды қолдануын бағалауды Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі жүзеге асырады.
7. Бағалау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі бекітетін ОМО және ЖАО
қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалауды жүргізудің кестесіне (бұдан әрі – Кесте) сәйкес
жүзеге асырылады.
8. ОМО және ЖАО ақпараттық технологияларды қолдану бойынша есепті осы Әдістемеге 1-
қосымшаға сәйкес Кестеде мерзімдеріне сәйкес Уәкілетті органға ұсынады. Осы Әдістемеге 1-
қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақпараттық технологияларды қолдану бойынша есепті уәкілетті
орган Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне ұсынады.
9. Жұмыс тобы уәкілетті орган жүргізген тексерулердің нәтижелерін пайдалана отырып және
электрондық құжат айналымының ақпараттық жүйелерінен алынған деректермен салыстырып тексеру
жолымен олардың дұрыстылық мәніне, ОМО және ЖАО алынған мәліметтерге талдау жүргізеді.
10. Уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі дайындаған
мемлекеттік органдардың ақпараттық технологияларды қолдануын бағалау нәтижелері туралы қорытынды
осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика
министрлігіне ұсынылады.
11. Мемлекеттік органның ақпараттық технологияларды қолдануын бағалау мынадай критерийлер
бойынша жүзеге асырылады:
1) нәтижелі критерий:
интернет-ресурстың тиімділігі;
2) процестік критерийлер:
ведомстволық ақпараттық жүйелерді интеграциялаудың үлесі;
ақпараттық технологияларды енгізу бойынша мемлекеттік органның қызметін институционалдық
нығайту дәрежесі;
мемлекеттік органның функцияларын автоматтандыру;
ведомствоаралық ақпараттық жүйелерді пайдалану.
Әрбір критерий бойынша көрсеткіштер анықталады да, оған сәйкес тиісті балл қойылады.
Баллдар осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес ақпараттық технологияларды қолданудың тиімділігін
бағалаудың критерийлері мен көрсеткіштеріне сәйкес қойылады.
Баллдар ақпараттық технологияларды қолдану жөніндегі критерийлердің маңыздылығы деңгейін
ескерумен мыналар бойынша қойылған:
1) «Интернет-ресурстың тиімділігі» критерийі бойынша қоғам алдындағы мемлекеттік
органдардың қызметінің айқындылығы мен есеп беруге тиістілігін қамтамасыз етуге бағытталған осы
критерийге сүйене отырып, 20 балл қойылды;
2) «Ведомстволық ақпараттық жүйелерді интеграциялаудың үлесі» критерийі бойынша
ведомстволық ақпараттық жүйелерді мемлекеттік органдардың басқа ведомстволық ақпараттық
жүйелермен және «электрондық үкімет» құрауыштарымен қажетті интеграциялауы бар болуын анықтауға
бағытталған осы критерийге сүйене отырып, 20 балл қойылды;
3) «Ақпараттық технологияларды енгізу бойынша мемлекеттік органның қызметін
институционалдық нығайту дәрежесі» критерийі бойынша мемлекеттік органның инновациялық қызметін
дамытуға жағдай жасайтын факторларды анықтауға бағытталған осы критерийге сүйене отырып, 5-ке
тең балл қойылды;
4) «Мемлекеттік органның функцияларын автоматтандыру» критерийі бойынша мемлекеттік
органның кіші қызметін автоматтандыруға бағытталған сияқты, мемлекеттік органмен халық пен
бизнестің тікелей байланысын және әкімшілік кедергілерді қысқарту, халық пен бизнеске қызметтер
көрсеткен кезінде, мемлекеттік орган функцияларын автоматтандыруға бағытталған ақпараттық
технологияларды қолдануды ескерумен 40 балл қойылды;
5) «Ведомствоаралық ақпараттық жүйелерді пайдалану» критерийі бойынша мемлекеттік орган
қызметінің деңгейін оңтайландыруға және анықтауға, құжаттармен жұмыс жасаған кезінде жеделдікті
арттыруға, құжатты құру, өңдеу және жөнелту уақытын қысқартуға, қағаз құжат айналымы үлестерін
азайтуға бағытталған осы критерийді ескерумен, 15 балл қойылды.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша мемлекеттік органдар қызметінің
тиімділігін бағалау мынадай формула бойынша осы Әдістемеге 3-қосымшада көрсетілген белгілі бір
салмақты балдарға сәйкес критерийлер мәні сомасы сияқты айқындалады:
N = Pi + Pi+1 + Pn
мұнда N – ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану бойынша мемлекеттік орган
қызметінің тиімділігін бағалаудың жалпы балы, Pi – критерийінің мәні, n – критерийлер саны, i –
критерийінің реттік нөмірі
12. Критерийлер мәнінің есебі және ақпараттық технологиялардың қолданылуын бағалау
көрсеткіштері мынадай формула бойынша осы Әдістемеге 3-қосымша кестесінде көрсетілген балдың
ақпараттық технологиялардың қолданылуын бағалау критерийлері мен көрсеткіштеріне сәйкес осы
критерийдің барлық көрсеткіштерінің сомасына сүйене отырып, жүзеге асырылады:
Pi = (Vi) + (Vi+1) + (Vi+2) + …
мұнда Pi – i-дегі критерий мәні, V – көрсеткіштің мәні, i – осы критерий үшін 1-ден
бастап көрсеткіштердің санына дейінгі интервалы.
2. «Интернет-ресурстың тиімділігі» критерийі бойынша бағалау
13. Бағалау мынадай көрсеткіштер бойынша жүргізіледі:
1) интернет-ресурстың қолжетімділігі;
2) ақпараттың толықтығы мен өзектілігі;
3) интернет-ресурстың мобилді нұсқасы.
14. Осы критерий бойынша бағалауға gov.kz домен атауында жұмыс істейтін, олардың
комитеттерін ескерумен, ОМО мен ЖАО интернет-ресурстары жатады.
15. «Интернет-ресурстың қолжетімділігі» және «ақпараттың толықтығы мен өзектілігі»
көрсеткіштері бойынша бағалауға олардың комитеттерін ескерумен, ОМО және ЖАО ресми
интернет-ресурстары жатады. Комитеттің интернет-ресурсы мынадай:
1) жекелеген интернет-ресурсы (мысалы, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық
комитетінің интернет-ресурсы http://www.salyk.gov.kz/);
2) төртінші деңгейлі домен (мысалы, http://aerospace.mid.gov.kz/ru);
3) ОМО-ның негізгі интернет-ресурсындағы бөлімі (мысалы, Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсы) сияқты іске асырылуы мүмкін.
16. Бірінші жағдайда комитеттің интернет-ресурсы «интернет-ресурстың қолжетімділігі», «
ақпараттың толықтығы мен өзектілігі» параметрлері бойынша бағаланатын болады. Бағалау
комитеттің және ОМО балдарының орташа арифметикалық сомасын есептеу жолымен жүргізіледі. Екінші
және үшінші жағдайларда комитеттердің интернет-ресурстары «ақпараттың толықтығы мен өзектілігі»
параметрі бойынша ғана бағаланатын болады. Бағалау «ақпараттың толықтығы мен өзектілігі»
параметрі бойынша ОМО және комитеттер үшін балдарының орташа арифметикалық сомасын есептеу
жолымен және ОМО «интернет-ресурстың қолжетімділігі» параметрі бойынша балға қосу жолымен
жүргізіледі.
17. МО-ның интернет-ресурсының мобилді нұсқасы бойынша бағалауға ОМО мен ЖАО
интернет-ресурстары жатады.
1-параграф. «Интернет-ресурстың қолжетімділігі» көрсеткіші
бойынша бағалау
18. Интернет-ресурстың қолжетімділігі пайдаланушылардың интернет-ресурсты пайдаланудың
қарапайымдылығы мен қолайлығының дәрежесі, мүмкіндіктері шектеулі адамдарды қоса алғанда,
сондай-ақ ақпаратты әртүрлі форматтарда: гипермәтіндік және көшірмелеу үшін файл форматында алу
мүмкіндігі болып түсіндіріледі.
19. Уәкілетті орган және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі осы көрсеткіш
бойынша жарты жылда бір рет осы Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес олардың комитеттерін ескерумен,
ОМО және ЖАО интернет-ресурстарына бағалауды жүргізеді. Бағалау есептік кезеңнің 4-тоқсанының
қорытындылары бойынша жүргізіледі.
«Интернет-ресурстың қолжетімділігі» параметрі бойынша бағалау мәні осы Әдістемеге 4-
қосымшада көрсетілген индикаторлар бойынша балдарды қосу және алынған нәтижені көрсеткіштің 10
балға тең ең үлкен мәніне бөліп, кейіннен нәтижені 5-ке көбейту жолымен айқындалады.
2-параграф. «Ақпараттың толықтығы мен өзектілігі» көрсеткіші
бойынша бағалау
20. «Ақпараттың толықтығы мен өзектілігі» көрсеткіші бойынша олардың комитеттерін
ескерумен, ОМО және ЖАО интернет-ресурстарын бағалау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және
даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 89 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 наурызда № 10395 тіркелген) Мемлекеттік органдардың
интернет-ресурстарында мемлекеттік органдар туралы электрондық ақпараттық ресурстарды
орналастыру қағидаларына сәйкес осы Әдістемеге 5-қосымшада көрсетілген индикаторлар бойынша
жүргізіледі. Ақпараттың өзектілілігі деп ақпараттың уақыттың ағымдағы сәтімен сәйкестігі
дәрежесімен түсіндіріледі
21. «Ақпараттың толықтығы мен өзектілігі» параметрі бойынша Уәкілетті орган мен Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі жарты жылда бір рет осы Әдістемеге 5-қосымшаға сәйкес
мемлекеттік және орыс тілдерінде интернет-ресурстың тілдік нұсқаларын талдау жолымен
мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсын бағалайды. Бағалау есептік кезеңнің 4-тоқсанының
қорытындылары бойынша жүргізіледі.
22. «Ақпараттың толықтығы мен өзектілігі» параметрі бойынша бағалаудың мәні олардың
комитеттерін ескерумен, ОМО және ЖАО интернет-ресурстары үшін осы Әдістемеге 5-қосымшаның
кестелеріне сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде интернет-ресурстың тілдік нұсқалары бойынша
балдарды қосу және алынған нәтижені көрсеткіштің 100 баллға тең ең үлкен мәніне бөліп, кейіннен
10-ға көбейту жолымен айқындалады.
«Ақпараттың толықтығы мен өзектілігі» параметрі бойынша бағалауды жүргізген кезде,
олардың комитеттерін ескерумен, ОМО және ЖАО интернет-ресурстары үшін, сондай-ақ осы Әдістемеге
5-қосымшаға ескертпеде көрсетілген интернет-ресурс сапасына ықпал ететін критерийлер ескеріледі.
Кемшіліктерді анықтаған жағдайда, әрбір анықталған кемшілік үшін параметрдің салмақты мәнінің
50 (елу) пайызынан аспай, көрсеткіштің салмақты мәнін 0,1 балға шегеру жүргізіледі.
3-параграф. «Интернет-ресурстың мобилді нұсқасы» көрсеткіші бойынша бағалау
23. Интернет-ресурстың мобилді нұсқасы – домендік атауы бар ОМО және ЖАО
интернет-ресурсының жеке нұсқасы, және мобилді браузерлер (Safari, Google chrome, Internet
Explorer Edge және т.б) арнайы мобилді құрылғылар (смартфондар, планшеттер) үшін қарауға
арналған арнаулы дизайнымен, контентін оңтайландырумен және пайдаланушылық интерфейсімен
әзірленген, ОМО және ЖАО интернет-ресурсы.
24. Мобилдік құрылғы арқылы ресми интернет-ресурсқа кірген кезде интернет-ресурстың
мобилді нұсқасы автоматты түрде жүктеледі. Осындай іске асырылған кезде, мемлекеттік органға
осы көрсеткіш бойынша ең жоғары 5-ке тең коэффициент қойылады. Егер ресми интернет-ресурсқа
мобилді құрылғы арқылы кірген кезде, интернет-ресурстың негізгі нұсқасы жүктелетін, және
мобилді нұсқасына сілтемесі бойынша шығу керек болса – 3-ке тең коэффициент қойылады. Егер
мобилді құрылғы арқылы кірген кезде, интернет-ресурстың негізгі нұсқасы жүктелетін және мобилді
нұсқасына сілтемесі жоқ болса, бағалау жүргізілмейді және 0 балл қойылады.
25. Уәкілетті орган және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі жарты жылда
бір рет осы Әдістемеге 6-қосымшаға сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде интернет-ресурстың
тілдік нұсқаларын талдау жолымен МО интернет-ресурсының мобилді нұсқасын бағалайды. Бағалау
есептік кезеңнің 4-тоқсанының қорытындылары бойынша жүргізіледі.
26. Ақпараттың өзектілігі деп ақпараттың уақыттың ағымдағы кезеңімен сәйкестігі
дәрежесімен түсіндіріледі.
27. Интернет-ресурстың мобилді нұсқасы үшін бағалаудың мәні осы Әдістемеге 6-қосымша
кестелеріне сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде интернет-ресурстың тілдік нұсқалары бойынша
баллдарды қосу және алынған нәтижені көрсеткіштің 50 баллға тең ең үлкен мәніне бөліп, кейіннен
24-тармаққа сәйкес анықталатын коэффициентке көбейту жолымен айқындалады.
Бағалауды жүргізген кезде осы Әдістемеге 6-қосымшада көрсетілген интернет-ресурстың
мобилді нұсқасының сапасына ықпал ететін критерийлері де ескеріледі. Кемшіліктерді анықтаған
жағдайда, әрбір анықталған кемшілік үшін параметрдің салмақты мәнінің 50 (елу) пайызынан аспай,
параметрдің салмақты мәнін 0,1 балға шегеру жүргізіледі.
28. Ресми интернет-ресурстың мобилді нұсқасы бар болса интернет-ресурстың негізгі
нұсқасына сілтемесі болуы қажет. Сілтемесі болмаса, 1 балл шегеріледі.
3. «Ведомстволық ақпараттық жүйелерді интеграциялау үлесі» критерийі бойынша бағалау
29. «Ведомстволық ақпараттық жүйелерді интеграциялау үлесі» критерийі бойынша бағалау
мемлекеттік органдардың үлгілік процесстерін (мынадай кадрлық есепке алу, бухгалтерлік есепке
алу, жұмыс уақытын есепке алу) автоматтандыруға бағытталған ақпараттық жүйелерін қоспағанда,
мемлекеттік органдағы барлық ведомстволық ақпараттық жүйелері (бұдан әрі – МО АЖ) бағаланады.
30. Егер МО АЖ мемлекеттік органда болмаған жағдайда, бірақ мемлекеттік мемлекеттік
органның интернет-ресурсы және/немесе ведомствоаралық ақпараттық жүйелер арқылы мемлекеттік
органның барлық функциялары толықтай автоматтандырылған болса, онда осы критерий бойынша
мемлекеттік органға ең жоғарғы 20 балл қойылады. Егер мемлекеттік органның барлық функциялары
толықтай автоматтандырылмаған болса МО АЖ болмаса немесе бағалау кезеңінде жүйе қолжетімсіз
болса, не пайдаланылмаса, осы критерий бойынша мемлекеттік органға 0 балл қойылады.
31. Уәкілетті орган және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі осы көрсеткіш
бойынша бағалау барысында МО АЖ «электрондық үкімет» құрауыштарымен және басқа МО АЖ
интеграциялау бар болуын анықтайды. Интеграциялау мемлекеттік органдар ақпараттық жүйелері
арасындағы ақпараттық алмасуды және деректерді беруді ұйымдастыру үшін желіаралық қосылу
мүмкіндігінің бар болуы деп есептеледі.
32. Осы көрсеткіш бойынша бағалауға МО АЖ «электрондық үкімет» құрауыштарымен және басқа
МО АЖ интеграциялауы жатады, сондай-ақ МО АЖ өнеркәсіптік пайдалануға уақтылы енгізу бойынша
коэффициенті есепке алынады.
33. Осы көрсеткіш бойынша бағалау үшін көзі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін
«электрондық үкімет» базалық құрауыштарымен, мемлекеттік органдардың мемлекеттік деректер
қорымен және ведомстволық жүйелерімен интеграциялауының бекітілген жоспары (бұдан әрі –
Интеграциялау жоспары) және 1-қосымшаға сәйкес бағаланатын мемлекеттік органмен ұсынылған
ақпараттық технологияларды қолдану бойынша есеп болып табылады.
34. Есепті қайта тексеру тікелей ОМО және ЖАО жүргізіледі. ОМО және ЖАО қызметкері МО АЖ
жұмыс процесі көрсетілімі кезінде интеграциялау жүзеге асырылған МО АЖ-ға сұрау салу жібереді.
35. Осы көрсеткіш бойынша «электрондық үкімет» базалық құрауыштарымен және мемлекеттік
деректер қорымен және басқа МО АЖ интеграциялауға жататын МО АЖ бағаланады, және барлық
интеграциялаулары есепке алынады:
қажетті интеграциялау бар болған кезде, 1 балл қойылады және интеграциялау іске асырылған
деп бағаланады;
қажетті интеграциялау жоқ болса, интеграциялау іске асырылмаған деп есептелінеді (0 балл)
;
ресми хатпен расталған басқа мемлекеттік органның дәлелді бас тарту себебі бойынша
интеграциялау болмаған кезде, интеграциялау іске асырылмаған деп есептеледі, бірақ мемлекеттік
органға 2 балл шегеріледі, 2 мемлекеттік орган арасындағы интеграциялау бойынша бірлескен
жұмыстары туралы бекітілген жоспары бар болған жағдайда, интеграциялаудан бас тартқан
мемлекеттік органға 2 балл шегеру жүргізіледі.
интеграциялау бойынша жұмыстар аяқталмаған кезде, интеграциялау іске асырылмаған деп
бағаланады (0 балл);
ақпараттық жүйелерді интеграциялау қажет болмаған кезде, мемлекеттік орган осы критерий
бойынша бағаланбайды, және осы критерийдің салмақты мәні осы Әдістеменің 36 тармағына сәйкес
өнеркәсіптік пайдалануға уақытылы енгізу бойынша коэффициенті есебімен «Мемлекеттік органдардың
функцияларын автоматтандыру» бағалау критерийінің «Мемлекеттік органның ішінара/толықтай
автоматтандырылған функцияларының үлесі» көрсеткішінің салмақты мәніне қосылады.
36. Осы критерийі бойынша қорытынды баллдың есебі МО АЖ әрбір интеграциялау бойынша
баллдарын қосу және МО АЖ бойынша қажетті интеграциялауының жалпы санына бөлу, кейіннен
коэффициентке көбейту жолымен жүргізіледі:
P2 =
мұндағы P2 – осы критерийі бойынша бағалау;
a – әрбір интеграциялау бойынша баллдар сомасы;
b – қажетті интеграциялаудың саны;
k – 20-ға тең коэффициент.
m – өнеркәсіптік пайдалануға уақытылы енгізу бойынша коэффициенті
x – бағалау кезінде нормативтік техникалық құжаттамаға (бұдан әрі – НТҚ) сәйкес
өнеркәсіптік пайдалануға уақытылы енгізілмеген, ведомстволық ақпараттық жүйелердің саны;
y – бағалау кезінде НТҚ сәйкес өнеркәсіптік пайдалануға енгізілуі тиіс, ведомстволық
ақпараттық жүйелердің саны.
37. Ведомстволық ақпараттық жүйелерді уақытылы енгізу НТҚ-да жазылған енгізудің
мерзімдеріне сәйкес бағаланады. Егер өнеркәсіптік пайдалануға енгізу мерзімдері НҚТ-да жазылмаса
немесе жүйеге НТҚ жоқ болса, онда жүйені енгізу мерзімі уақтылы енгізілмеген деп есептеледі.
Мысалы, ОМО АЖ 5 жүйелермен интеграциялауға жатады. 5 интеграциялаудан 2-уі іске
асырылған. 5-нен 2 АЖ өнеркәсіптік пайдалануға уақтылы енгізілмеген деп есептеледі. Есеп
мынадай жолмен жүргізіледі: (2*1)/5*20-2/5=7,6 балл.
4. «Ақпараттық технологияларды енгізу жөніндегі мемлекеттік орган қызметін
институционалдық нығайту дәрежесі» критерийі бойынша бағалау
38. Осы критериймен ақпараттық технологиялар бойынша мамандандырылған құрылымдық
бөлімшенің, ақпараттық технологиялар бойынша құрылымдық бөлімше қызметкерлерінің жиынтықтылығы
мен біліктілік деңгейі мемлекеттік органда бар болуымен бағаланады.
39. Осы критерийді бағалау үшін ақпарат көзі Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша
ақпараттық технологияларды қолдану бойынша есеп болып табылады.
40 «Ақпараттық технологияларды енгізу жөніндегі мемлекеттік орган қызметінің
институционалдық нығайту дәрежесі» критерийі үшін ең жоғарғы 5 баллды құрайды және мынадай
формула бойынша анықталады:
P3=(V1+V2)
мұндағы P3 – осы критерийі бойынша бағалау;
V1 – «ақпараттық технологиялар бойынша мамандандырылған құрылымдық бөлімшенің бар болуы»
көрсеткішінің мәні;
V2 – «ақпараттық технологиялар бойынша бөлімше қызметкерлерінің біліктілік деңгейі»
көрсеткішінің мәні.
41. «Ақпараттық технологиялар бойынша мамандандырылған құрылымдық бөлімшенің бар болуы»
көрсеткіші бойынша мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерін дамыту, құру және сүйемелдеу үшін
жауапты құрылымдық бөлімше ОМО бар болған кезде, оған 3 балл, жоқ болған кезде – 0 балл
қойылады.
«Ақпараттық технологиялар бойынша мамандандырылған құрылымдық бөлімшенің бар болуы»
көрсеткіші бойынша бағалау жергілікті атқарушы органдар үшін мынадай формула бойынша есептеледі
.
V1 = (Vаппарат+Vбасқ)
Vаппарат – әкім аппаратында мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерін дамыту, құру және
сүйемелдеу үшін жауапты құрылымдық бөлімшенің бар болуы (бар болған кезде, оған 1,5 балл, жоқ
болған кезде 0 балл қойылады);
Vбасқ – ЖАО басқармаларында мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерін дамыту, құру және
сүйемелдеу үшін жауапты құрылымдық бөлімшенің немесе қызметкерлердің бар болуы. ЖАО барлық
басқармаларының құрылымдық бөлімшелері немесе қызметкерлері болған кезде 1,5 балл (жекелеген
басқармалар болмаған кезде, осы мәнінен әрбір басқарманың тиісті салмақты мәні шегеріледі),
болмаған кезде 0 балл қойылады.
ЖАО әрбір басқармасының салмақтық мағынасы мынадай формула бойынша есептеледі:
N=1,5/Nбасқ
Nбасқ – ЖАО басқармаларының саны.
«Ақпараттық технологиялар бойынша қызметкерлердің біліктілік деңгейі» көрсеткіші бойынша
бағалау мынадай формула бойынша есептеледі:
V2 = a/b*k
a – арнаулы білімі немесе біліктілігін арттыру туралы куәлігі бар мемлекеттік органның
ақпараттық жүйелерін дамыту, құру және сүйемелдеу үшін жауапты құрылымдық бөлімшедегі штаттық
қызметкерлердің және басшыларының саны;
b – мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерін дамыту, құру және сүйемелдеу үшін жауапты
құрылымдық бөлімшедегі штаттық қызметкерлердің және басшыларының жалпы саны;
k – 2-ге тең коэффициент.
4. «Мемлекеттік органның функцияларын автоматтандыру» критерийі бойынша бағалау
42. Бағалау мынадай көрсеткіштер бойынша жүргізіледі:
1) ведомстволық ақпараттық жүйелер арқылы автоматтандырылған функциялар үлесі;
2) мемлекеттік органның ішінара/толықтай автоматтандырылған функцияларының үлесі;
3) жергілікті атқарушы органдар функцияларын орталықтан автоматтандыру.
43. Осы көрсеткіш бойынша бағалау үшін көзі автоматтандыруға жататын функциялардың ОМО
және ЖАО бекітілген тізбесі негізінде бағаланатын мемлекеттік органмен қалыптастырылған, осы
Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес ақпараттық - коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша
есебі болып табылады.
1-параграф. «Ведомстволық ақпараттық жүйелер арқылы автоматтандырылған функциялардың
үлесі» көрсеткіші бойынша бағалау
44. Уәкілетті орган және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Кеңсесі осы
көрсеткіш бойынша бағалау барысында автоматтандыруға жататын функциялар санынан МО АЖ
автоматтандырылған функцияларының үлесін анықтайды.
45. Осы көрсеткіш бойынша ведомствоаралық ақпараттық жүйелер арқылы автоматтандырылатын
функциялар есепке алынбайды.
46. Бағалау ведомстволық ақпараттық жүйелер арқылы автоматтандырылған функциялар үлесін
анықтау жолымен жүргізіледі. Есепті қайта тексеру автоматтандырылатын функцияларының ақпараттық
жүйесіне НТҚ талдау негізінде жүзеге асырылатын болады. Егер мемлекеттік органның есебіне
сәйкес автоматтандырылатын функциялары МО АЖ-не НТҚ-да тиесілі функциясын автоматтандыру
көзделмеген жағдайда, онда автоматтандыруы іске асырылмаған деп есептеледі.
47. Есептеу ведомстволық ақпараттық жүйелер арқылы автоматтандырылған функциялар санын,
ведомстволық жүйелер арқылы автоматтандырылған функциялар мен автоматтандырылмаған функциялар
сомасына бөліп, кейіннен коэффициентке көбейту жолымен жүргізіледі:
V1 = (a/(a+b)* k)+m,
мұнда V1 – осы көрсеткіш бойынша бағалау;
a – ведомстволық жүйелер арқылы автоматтандырылған функциялар саны;
b – автоматтандырылмаған функцияларының саны;
k – 20-ға тең коэффициент;
m – ақпараттандыру саласындағы білім базасын толықтыру бойынша коэфициент (бұдан әрі –
Білім базасы).
Мысалы, ведомстволық жүйелер арқылы автоматтандырылған функциялар саны 36 құрады,
автоматтандырылмаған функциялар саны – 50. Алайда, Білім базасында 14 көрсеткіштің 2 сәйкес
келмейді (33 стратегиялық көрсеткіштің ішінен 30 бойынша ақпарат өзекті, үш сәйкес келмейтін
көрсеткіштері бойынша балдарының сомасы 1,5 балды құрайды). Сонымен, осы көрсеткіш бойынша
қорытынды бағалау: 36/(36+50)*20+(-1,5)=6,87 баллды құрайды.
48. 2011-2015 жылдар кезеңінде Білім базасы деректерін толықтыруға қатысқан мемлекеттік
органдарда ғана және/немесе көрсетілген мерзімде Білім базасы деректерін толықтыруға қатысқан
жаңадан құрылған мемлекеттік органдарда, мемлекеттік органдар және қызмет бағыттары бойынша
Білім базасын толықтыру жөнінде қосымша коэффициент ескеріледі.
49. Мемлекеттік органдар мен қызметінің бағыттары бойынша Білім базасы деректерін
толықтыру дәрежесі осы Әдістемеге 7-қосымшада көрсетілген «Ақпараттандыру саласындағы Білім
базасына енгізілген деректердің толықтығы» көрсеткіші параметрлері бойынша бағаланады.
50. Өзектілендірілмеген мәліметтері 50% асқан кезде, «Ақпараттандыру саласындағы Білім
базасына енгізілген деректердің толықтығы» көрсеткішінің параметрлерінің әрқайсысы бойынша осы
Әдістемеге 7-қосымшада көрсетілген балдар шегеріледі.
51. Кіші параметрлерден құралған параметрлер кіші параметрлерді шегерулерді қосу әдісімен
бағаланады. Бағалау әрбір кіші параметрлер бойынша жүргізіледі, сондай-ақ кіші параметрінің
салмақты мәні параметрінің салмақты мәнін оның кіші параметрлерінің жалпы санына бөлу жолымен
анықталады.
52. Білім базасын толықтыру бойынша коэффициент осы Әдістемеге 7-қосымшада келтірілген «
Ақпараттандыру саласындағы Білім базасына енгізілген деректердің толықтығы» көрсеткішінің
параметрлері бойынша бағалау барысында алынбаған баллдардың жалпы санын қосу жолымен анықталады
.
53. Егер барлық функциялар толықтай автоматтандырылған болса, онда мемлекеттік органға ең
жоғарғы 20 балл қойылады.
2-параграф. «Мемлекеттік органның ішінара/толықтай автоматтандырылған функцияларының
үлесі» көрсеткіші бойынша бағалау
54. Осы көрсеткіш бойынша бағалауға мемлекеттік орган функцияларын автоматтандыру
дәрежесі, оның ішінде ішінара автоматтандырылған функциялар үлесі және автоматтандыруға жататын
функцияларының жалпы санынан мемлекеттік органның толықтай автоматтандырылған функциялары жатады
.
55. Уәкілетті орган және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі осы көрсеткіш
бойынша ОМО және ЖАО ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігін бағалау барысында
мемлекеттік органның функцияларының автоматтандырылу дәрежесін ведомстволық және/немесе
ведомствоаралық ақпараттық жүйелерді зерделеу жолымен анықтайды.
56. Бағалау мемлекеттік органның ішінара автоматтандырылған функциялары үлесінің мәнін
және мемлекеттік органның толық автоматтандырылған функциялары үлесінің мәнін қосып, алынған
нәтижені кейіннен 15-ке көбейту жолымен анықталады. Ішінара автоматтандырылған функциялар үлесі
жартылай автоматтандырылған функциялар санының мемлекеттік органның автоматтандырылуға тиісті
функциялар санына қатынасын кейіннен 0,3 коэффициентке көбейтуге тең. Толық автоматтандырылған
функциялар үлесі толық автоматтандырылған функциялары санының мемлекеттік органның
автоматтандырылуға тиісті функциялары санының қатынасын кейіннен 1 коэффициентке көбейтуге тең.
V2 = *k
мұнда V2 – осы көрсеткіш бойынша бағалау;
a – ішінара автоматтандырылған функцияларының саны;
b – толықтай автоматтандырылған функцияларының саны;
k – 15-ке тең коэффициент.
Мысалы, мемлекеттік органның автоматтандырылған функцияларының жалпы саны 15 құрайды,
мемлекеттік органның толық автоматтандырылған функциялары саны 5 құрайды, мемлекеттік органның
ішінара автоматтандырылған функциялары саны 10 құрайды. Есептеу мынадай түрде жүргізіледі: ((5*
1+10*0,3)/15)*15= 7,9 балл. Сонымен, «Мемлекеттік органның ішінара/толықтай автоматтандырылған
функцияларының үлесі» көрсеткіші бойынша бағалау 7,9 балды құрайды.
3-параграф. «Жергілікті атқарушы органдар функцияларын орталықтан автоматтандыру»
көрсеткіші бойынша бағалау
57. Уәкілетті орган және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі осы көрсеткіш
бойынша ОМО және ЖАО ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігін бағалау барысында ОМО
құзыретіне қатысты ЖАО функцияларын автоматтандырудың дәрежесін анықтайды.
58. ОМО құзыретіне қатысты ЖАО функцияларының тізімі уәкілетті органмен әзірленді және
осы Әдістемеге 8-қосымшада ұсынылған.
59. Осы көрсеткіш бойынша ОМО ғана бағаланады. ЖАО үшін осы критерийдің салмақты мәні «
Мемлекеттік органдардың функцияларын автоматтандыру» бағалау критерийінің «Мемлекеттік органның
ішінара/толықтай автоматтандырылған функцияларының үлесі» көрсеткішінің салмақты мәніне қосылады
.
60. Көрсеткіш бойынша есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
мұнда V2 – осы көрсеткіш бойынша бағалау;
аi– ОМО ақпараттық жүйелері арқылы автоматтандырылған ЖАО функцияларының саны;
bi – ОМО ақпараттық жүйелерімен автоматтандыруға жататын i-дегі ЖАО функцияларының саны;
k – 10-ға тең коэффициент;
Мысалы, ОМО ақпараттық жүйелерімен автоматтандырылған ЖАО автоматтандырылған
функцияларының жалпы саны 15 құрайды, ОМО ақпараттық жүйелерімен автоматтандыруға жататын ЖАО
функцияларының саны 48 құрайды. Есептеу мынадай түрде жүргізіледі: 15/48*5= 1,56 балл. Сонымен,
«Жергілікті атқарушы органдар функцияларын орталықтан автоматта
Похожие публикации:
02 сентябрь 2022 Музыка пәнінің мұғалімі қажет
02 сентябрь 2022 ШҚО білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің " №3Күршім гимназиясы " коммуналдық мемлекеттік мекемесі.Бос лауазымдарға және уақытша бос
16 декабрь 2021 “Тәуелсіз елім-Қазақстан”
18 ноябрь 2021 12-18 жас аралығындағы жеткіншектерге коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдыру туралы түсінік
04 июнь 2021 Мемлекеттік емтихандарға дайындық барысы Анықтама
01 август 2020 Мектепке қабылдау ережесі
09 октябрь 2019 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
28 август 2018 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
10 сентябрь 2018 Жалпы орта білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалау