03
декабрь
2021
«Заңғар ағай – чемпион!»
2 желтоқсан күні 2 «б» сынып оқушыларымен «Заңғар ағай – чемпион!» атты кездесу сыныптан тыс шарасы ұйымдастырылды. Кездесудің мақсаты – оқушыларға тәлім-тәрбие беру, нақты үлгі-өнеге көрсете отырып, өмір жолындағы түрлі сынақты жеңуге бағыттау, салауатты өмір салтының маңызын түсіндіру. Кездесу барысында Ашманов Заңғар Тоқанұлы мен шәкірттерінің спорттағы жетістіктері насихатталды. Оқушылар кездесу қонақтарына әннен шашу шашып, чемпионға арнап жазған өлең шумақтарын мәнерлеп айтты. Заңғар Тоқанұлы оқушылар тарапынан қойылған әр сұраққа ықыласпен жауап берді. Кездесу Заңғар Тоқанұлы мен шәкірттерінің мастер-сыныбымен жалғасты. Оқушылар чемпионды қаумалап, армреслингтің қыр-сырына қанық болды. Кездесу барысында әр оқушы ерекше әсер алып, өз қуаныштарымен бөлісті. Кездесу соңында сынып оқушылары чемпионмен естелік суреттерге түсті.