Ата-аналарға өз байқауларын тексере отырып, баланың туа біткен дарынын анықтауға көмектесетін тест » КГУ "Курчумская гимназия №3"
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің
"№3 Күршім гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72339) 3-17-42
Есепші бөлімі:
+7(72339) 3-17-42
Версия для
слабовидящих
» » Ата-аналарға өз байқауларын тексере отырып, баланың туа біткен дарынын анықтауға көмектесетін тест
17
май
2021

Ата-аналарға өз байқауларын тексере отырып, баланың туа біткен дарынын анықтауға көмектесетін тест

Әрине, әрбір ана өз баласын ең жақсы, ақылды,талантты деп есептейді. Және бұл дұрыс та. Талантсыз ешнәрсеге қабілеті жоқ бала болмауы да мүмкін емес. Ал, шын мәнінде, бала қай салада өз қабілетін толығымен көрсете алатынын анықтау дәл уақытында мүмкін бола бермейді,және де қателіктер мен түңілулер кездесуі мүмкін.


Психологтар құрған, ұсынылып отырған тест, 7-13 жасар аралығындағы балаларға арналған, ол сіздің байқауларыңызды тексере отырып, қай салада балаңыздың талантты екенін, қай саладағы іс-әрекетке оны тартатынын анықтауға көмектеседі.

Егер тестілеудің нәтижесі көңіліңізден шықпаса,оған түңілмеңіз,өйткені бала өзгереді, оның келешегі алда. Ал, егер өте жақсы нәтиже алсаңыз да, балам керемет өзгеше, ерекше дарынды деуге тағы болмайды, себебі бұл тест- ғылыми зерттеу емес, жартылай ойын.

Сонымен, төмендегі сұрақтарға "ия" немесе "жоқ" деп жауап беріңіз.

Сіздің балаңыз белгілі бір затқа ерекше қолданыс тапқан кезі болды ма?

Балаңыз өзі жақсы көретін істерін өзгерте ме?

Әртүрлі абстрактілі суреттер салуды ұната ма?

Өзінің қиялдаған, елестеткен заттарын салуды ұната ма?

Қиял ғажайып әңгімелерді ұната ма?

Әңгіме немесе өлең шығара ма?

Қағаздан әртүрлі қиын фигуралар қиюды ұната ма?

Өзі білмеген, немесе бұрын кездеспеген нәрсені жасап көрді ме?

Өз ойымен бір нәрсені өзгерту тілегі бола ма?

Қараңғыдан қорқа ма?

Жаңаша сөз ойлап тапты ма?

Бұл сөзді түсіндірмесе де түсінікті деп есептеді ме?

Өз тілегіне қарай жиһаздың орнын ауыстырып көрді ме?

Бұл ойы сәтті болды ма?

Бір нәрсені өз қажетінен басқа жағдайға қолданып көрді ме?

Сіздің балаңыз тым кішкене болған кезде, әртүрлі заттардың қолдануын таба алды ма?

Киімді сіздің емес, өз талғамына қарай кигенді ұната ма?

Басқаларға түсініксіз өзінің жеке жан дүниесі бар ма?

Өзі түсінбейтін нәрселердің жауабын іздей ме?

Қоршаған құбылыстарды түсіндіруін жиі сұрай ма?

Көркемделмеген, суреті аз кітаптарды оқығанды жақсы көре ме?

Ойындар мен қызықты көңіл көтерулер ойлап шығарды ма?

Көрген түстері мен бастан кешірген жағдайларын есінде сақтап, айта ала ма?

Ұпай санау:

әрбір "ия" деген жауап - бір ұпай.

Нәтижелері:

20 ДАН 23 КЕ ДЕЙІН: бала өте алғыр, қоршаған ортаға өзіндік көзқарасы бар, оған көмектесу керек.

15 ТЕН 19 ҒА ДЕЙІН: бала үнемі өз қабілетін аша алмайды, ол бірнәрсеге қызыққанда ғана тапқырлық, ойлылық таныта алады.

9 ДАН 14 КЕ ДЕЙІН: көп білім салаларына жеткілікті үлкен ойы бар, бірақ олар үшін жеке көзқарас міндетті емес. Дегенмен, шығармашылықпен айналысуға көп нәрселер жетіспейді.

4 ТЕН 8 ГЕ ДЕЙІН: балаңыз өзінеқажетті мақсатқа жету үшін ғана шығармашылықпен ойлана алады, тәжірибелік іс-әрекетке бейімі бар.

4 ТЕН ТӨМЕН: балаға ойлап табушылық жетіспейді, бірақ ол қиын мамандық болса да, жақсы орындаушы ретінде жетістікке жете алады.

Похожие публикации:

20 ноябрь 2019 ОЖСБ
03 сентябрь 2018 Қауіпсіз Интернет