08 октябрь 2020 0 1 2 3 4 5 Қауіпсіз автобус View this post on Instagram №3 Күршім гимназиясында «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясының аясында Күршім аудандық полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы Ашимов Азамат Есенұлы, Күршім полиция бөлімінің жол және техника инспекторы полиция аға лейтенанты Сапарғалиев Азамат Аманбайұлы, аға лейтенант Серікбаев Айдын Жамиханович және Білім бөлімінің әдіскері Айзада Солтанқызының қатысуымен жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуын болдырмау туралы және жол қозғалысының қауіпсіздігі тақырыбында мектеп автобустарының жүргізушілерімен нұсқамалар жүргізу, сондай-ақ балаларды көлік құралдарына отырғызу және түсіру кезінде мектеп автобустары жүргізушілерінің міндетті түрде апаттық дабыл қағуды қолдану жөнінде шара өтті. Акцияның мақсаты: балаларды білім беру ұйымдарына тасымалдауды ұйымдастыру барысында олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектеп автобустарымен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу. Республикалық акция балаларға, ата-аналарға және қоғамға қауіпсіз жол қозғалысы және балаларды тасымалдау ережелері туралы ескертпе болуы тиіс. Мектептік тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметін зерделеу - автокөліктің техникалық талаптарға сәйкестігін, тахографтардың бар болуы және жарамдылығы туралы мәліметтер, балаларды білім беру мекемелеріне тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын автокөліктердің техникалық байқаудан өтуін, жүргізушілердің құрамын (тиісті санаттарының болуына, жүргізушінің өтілі, жолда тәртіп сақтау әдеттері) тексеру, қозғалыс схемасының бар болуы; - мектепке кірме жолдарының қауіпсіздігі(аумақты жарықтандыру, «Балалар» белгісінің бар болуы, жаяу жүргіншілерге арналған өткелдерді, «жатқын полицейлер» жасанды жол кедергісін және т.б. құру); - балаларды тасымалдайтын көлік құралдарында (автобустарда) арнайы жарық (жарық түсіргіш шамшырақшалар) және дыбыс сигналдарының бар болуы; - мектепке кірме жолдарында, жаяу жүргіншілерге арналған өткелдердің маңында қолданыстағы бейнебақылау камераларының бар болуы; - жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуын болдырмау туралы және жол қозғалысының қауіпсіздігі тақырыбында мектеп автобустарының жүргізушілерімен нұсқамалар жүргізу, сондай-ақ ба A post shared by 🏳kurchum_gymnasium №3🏳 (@kurchum_gymnasium) on Oct 7, 2020 at 4:14am PDT