03
сентябрь
2018
Электрондық журналдың уақытша формасын толтыру нұсқаулығы
Электрондық журналдың уақытша формасын
толтыру нұсқаулығы
Осы нұсқаулық Қазақстан Республикасындағы орта білім беруді жаңарту аясында құрастырылды.
Электрондық журналдың уақытша формасы оқушылардың тоқсан барысындағы жетістігін енгізетін (бөлім, тоқсандық жиынтық бағалаудың балдары), сондай-ақ журналда берілген шәкілге сәйкес бағаның автоматты есебін жүргізетін кестені ұсынады. Барлық тоқсандар бойынша мәліметтер жинағы мен жылдық бағаның қорытындысы да автоматты түрде жүргізіледі (1-сыныптың 3,4-тоқсандарының қорытындысы бойынша).
Мүғалімдер тек кейбір ұяшықтарды ғана толтырады (1-суретте қызыл түспен қоршалған):
1. Мектеп;
2. Оқушының жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) туралы мәліметтер берілген баған;
3. Оқушының аты-жөні берілген баған;
4. Сынып/литер;
5. Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың максималды балын енгізу өрісі;
6. Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың жиналған балдарын енгізу бағаны;
7. Тоқсандық жиынтық бағалаудың жиналған балдарын енгізу бағаны;
8. Мұғалім туралы мәліметтер;
9. Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары туралы мәліметтер.
Журналдың оқ жақ бөлігінде пайыздың жалпы санын автоматты түрде есептеп, ауыстыру шәкіліне сәйкес оларды бес балдық бағаға ауыстыру жүзеге асырылатын тоқсандық бағаны есептеу блогы бар.
1