Ата-аналарға - КГУ "Курчумская гимназия №3"
Құрметті ата-аналар! Мектепке қабылдау құжаттар тізімі
Мемлекеттік тілде оқытылатын 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау: 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап жүргізіледі.
Қабылдау уақыты: 08.00-ден 18.00-ге дейін.
Түскі ас уақыты: 12:00-ден 14:00-ға дейін. Гимназияға конкурс арқылы қабылданады.
Балаларды мектепке қабылдау үшін қажетті құжаттар:
1 сынып:
1) баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш;
2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3) денсаулық жағдайы туралы анықтама (026/у-3 нысаны,063/е нысаны);
4) 3x4 көлеміндегі фото – 2 дана.                                                                                                                                 5)
2-11 сыныптар:
1)      баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш;
2)      баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3)      3x4 көлеміндегі фото – 2 дана;
4)      медициналық карта;
«Құрметті ата-аналар! Баланың қауіпсіздігі ересектердің сақтығы мен жауапкершілігіне тікелей байланысты. Баланың терезеден құлап кетуіне байланысты апатты болдырмау үшін сізге келесі ережелерді ұстаныңыз:
келесі ережелерді ұстаныңыз:
Ересектердің сүйемелдеуінсіз балаңызға балконға шығуға рұқсат бермеңіз.
Балаңызға терезенің қалай ашылатынын көрсетпеңіз. Ол терезені өз бетінше ашуды неғұрлым кеш үйренсе, оның пәтерде болуы соғұрлым қауіпсіз болады. Пәтердегі терезелерді ашып, бөлмені желдету кезінде көз жеткізіңіз,
бұл жағдайда бала бақылауда болады.
Егер сіз желдету үшін терезені ашсаңыз, онда тек фрамугалар мен терезелер және 10 см-ден аспайтын болса, осы мақсат үшін шектеулер қойыңыз.
Ұйықтап жатқан баланы пәтерде жалғыз қалдырмаңыз.
Бала оянып, ашық терезеге қарай жүре алады.
Баланың терезеге кездейсоқ түсуіне жол бермеу үшін барлық жиһаздарды, соның ішінде кереуеттерді терезелерден алыстатыңыз.
Балаңызға терезеге қарау немесе балконнан көшеге қарау үшін орындықты немесе басқа құрылғыны аяғыңыздың астына қоюға үйретпеңіз.
Кейіннен, осылай әрекет ете отырып, ол тым көп шығып, терезеден (балконнан) құлап кетуі мүмкін.
Масалардың торлары үлкен қауіп төндіреді: бала көреді
алда қандай да бір кедергі бар, оған сенімді түрде сүйенеді және нәтижесінде тормен бірге құлап кетуі мүмкін, ол тіпті ең кішкентай бір жасар баланың салмағына есептелмейді.
7 жасқа толмаған баланы қысқа уақытқа жалғыз қалдырмаңыз: қорқыныш сезініп, бала терезеден немесе балконнан қарап, ата-анасын көруге үміттенеді, бұл оның терезеден немесе балконнан құлап кетуіне әкелуі мүмкін.
«Отбасылық дәстүрлер- шаңырақ тірегі» атты челлендж
Осы күнге орай мектебіміздің әлеуметтік желісінде https://instagram.com/kurchum_gymnasium?r=nametag бастауыш сынып оқушыларының арасында «Отбасылық дәстүрлер- шаңырақ тірегі» атты челлендж ұйымдастырамыз.
Мақсаты: Оқушылардың бойында отбасына, жақындарына деген құрмет пен сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.
Челленджге қатысушы 3 “а “ сыныбының оқушылары Дулатқызы Мадина мен Болатканов Нуралидың жанұясы демалыс күндерін отбасы мүшелерімен бас қосып, бірігіп өткізуді отбасылық дәстүрге айналдырған екен.
Ата-аналар жадынамасы
Конкурсқа қатысу немесе ақылы оқуға түсу үшін 50 балдан төмен жинамау керек, ұлттық ЖОО-ға 70 балдан кем жинамау керек, соның ішінде бейіндік пәннен 7 балдан (әрбір шығармашылық емтиханнан 10 балдан), ал қалған пәндерден (соның ішінде қазақ мектептеріндегі орыс тілінен және орыс мектептеріндегі қазақ тілінен) 4 балдан төмен болмауы керек.
Шығармашылық мамандықтарға өтініштерді ЖОО-ның қабылдау комиссиялары 20 маусымнан 1 шілдеге дейін қабылдайды.
Шығармашылық емтиханды 2-7 шілде аралығында өздері таңдаған ЖОО-ның қабылдау комиссияларында тапсырады.
Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына өтініш қабылдау 23 – 31 шілде аралығында жүргізіледі.
Конкурс 1 – 10 тамыз аралығында өткізіледі.
Білім беру грантының иегерлері бұқаралық ақпарат құралдарында («Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда») жарияланады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!
Бітіруші ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу пунктіне рұқсаттамада көрсетілген күні дәл уақытындаөзімен біргекелесі құжаттарды алып  келу керек:
ҰБТ-ға кіруге рұқсаттама;
жеке басын куәландыратын құжат;
қара сиялы қалам;
ҰБТ кезінде бітірушіге тыйым салынады:
сөйлесуге;
орнынан тұруға ;
орын ауыстыруға;
кез-келген материалдар және заттармен алмасуға;
аудиторияға калькулятор, фотоаппарат, ұялы байланыс құралдарын (пейджер, ұялы байланыс телефон, планшетник, т.б.), ноутбуктар, плейерлер, шпаргалка және анықтамалық құжаттарды (Менделеев кестесі мен тұздардың ерігіштік кестесінен басқаларын) алып кіруге және қолдануға;
Бітіруші аудиторияда тәртіп сақтау ережесін бұзғанда және тыйым салынған заттарды қолданған жағдайда Министрлік өкілінің шешімімен бітіруші қайта тапсыру құқығынсыз аудиториядан шығарылады, ал оның тест нәтижелері жойылады.
1. Ұлттық бірыңғай тестілеу
Жалпы орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттау:ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ);
жалпы білім беретін пәндер бойынша қорытынды емтихандар нысанында өткізіледі.
ҰБТ-ға :орта білімнен кейін және жоғары білім беру ұйымдарына оқуға түсуге тілек білдіргендер;
жалпы орта білім туралы үздік аттестатын алуға үміткерлер;
жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткерлер;
үстіміздегі жылғы жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиадалар мен оқушылардың ғылыми жобалар жарысының жүлдегерлері;
өзбек, тәжік, ұйғыр тілінде оқытатын жалпы білім беретін мектептердің оқушылары (мемлекеттік немесе орыс тілінде – ерікті түрде) қатысады.Дәстүрлі түрдеқорытынды аттестаттаудан:
ҰБТ-ға қатысуға тілек білдірмеген бітірушілер;
Жалпы білім беретін пәндер бойынша ағымдағы жылғы халықаралық ғылыми жобалар жарысы мен олимпиадалардың қатысушылары, жалпы орта білім беретін ұйымдардың халықаралық оқушылар алмасу желісі бойынша шетелдерде білім алған оқушылары, республикалық музыкалық мектеп-интернаттардың және жалпы білім беретін мектептерде ұйғыр, өзбек және тәжік тілдерінде оқытатын мектептердің ҰБТ-ға қатысуға тілек білдірмеген бітірушілері, денсаулығына байланысты ҰБТ-ға қатыспаған бітірушілер білім беру ұйымдарында пәндер бойынша қорытынды емтихан нысанында өтеді.
2.ҰБТ-ны өткізу тәртібі
ҰБТ бес пәнбойынша: қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі), математика, Қазақстан тарихы, орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілі және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілі және таңдаған мамандыққа байланысты қабылдаудың типтік ережелеріне сәйкес таңдау пәні бойынша пәндердің біреуіне сәйкес өткізіледі.
ҰБТ бойынша мектеп бітірушінің таңдау пәндері: география, физика, биология, химия, дүние жүзі тарихы, қазақ әдебиеті (орыс әдебиеті), шет тілі.
Шығармашылық немесе арнайы дайындықты қажет ететін мамандықтарды таңдаған бітірушілер үшін төртінші пәнді таңдау ерікті.
ҰБТ жалпы білім беретін пәндердің бағдарламасы негізінде әзірленген тест тапсырмаларының көмегімен өткізіледі, олардың мазмұны көрсетілген бағдарламаның шеңберінен шығуы мүмкін емес.
ҰБТ-ны өткізу кезінде пайдаланылатын тест мазмұнының және дұрыс жауаптар кодын айқындайтын мәліметтер мемлекеттік құпия болып табылады.
Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны - 25.
ҰБТ-ның нәтижелері 125 балдық жүйе бойынша және жалпы орта білім туралы аттестат алу үшін бес балдық жүйе бойынша бағамен бағаланады.
3. Тестілеуге өтініш беру
ҰБТ-ға қатысуғаөтінішті мектеп бітіруші 10 наурыздан 25 сәуірге дейін бере алады.
Өтініш өзі білім алып жатқан білім беру мекемесінде толтырылады.
Өтініш беру үшін қажетті құжаттар:
жеке басын куәландыратын құжат;
2 фотосурет (3х4 өлшемді).
Өтініш деректер базасына енгізілгеннен кейін мектеп бітірушіге:
Мектеп бітірушінің тіркелгендігі жөнінде анықтама;
Тестілеуге кіруге рұқсаттама беріледі.
Оқу орны өтініш қабылдаудан бас тартқан жағдайда ҰБТ өткізу пунктіне (ҰБТӨП) барып беруге болады.
4. Емтихан  мерзімі мен ұзақтығы
Тестілеу ҰБТӨП-те 1 маусымнан 15 маусымға дейін жүргізіледі.
ҰБТ-ның басталу уақыты  – сағат 09.00.
ҰБТ-ға бөлінетін уақыт – 3,5 астрономиялық сағат.
5. Тестілеу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Тестілеу кезінде ереже бұзушылықтардың алдын алу және тестіленушілерді қорғау мақсатында, тестілеуге кіргізу кезінде барлығы металіздегіштердің көмегімен  тестілеуден өтеді.
Тестілеу кезінде ұялы байланыс  желісін сөндіру құралдары мен видеобақылау қондырғылары қолданылады.
Тестілеу басталардан бұрын ҰБТ өткізілетін ғимаратты жарылғыш затқа тексеру  жүргізіледі (міндетті түрде акт толтыру арқылы)
6. Апелляция
Тестілеу нәтижелері бойынша апелляцияға өтініш беру тестілеу нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күнгі сағат 14-ке дейін қабылданады және апелляциялық комиссия бір тәулік мерзімінде қарайды.
Өтініш беруші өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат және ҰБТ-ға кіруге рұқсаттамасын әкелуі керек.
Апелляция тест тапсырмаларының мазмұны бойынша мынадай жағдайларда беріледі:
тест тапсырмасы дұрыс құрылмаған;
дұрыс жауабы жоқ;
бірнеше дұрыс жауабы бар.
Техникалық себептер бойынша апелляция мынадай жағдайларда қарастырылады:
дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келетін боялған дөңгелекшені сканер 2 дөңгелекше ретінде оқыған;
дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келетін боялған дөңгелекшені сканер оқымаған.
7. Аттестатқа бағалар қою
Балдарды аттестаттың бағаларына ауыстыру шкалаға сәйкес жүргізіледі
№ р/с
Пән
2
(қанағ-сыз)
3
(қанағ-лық)
4
(жақсы)
5
(үздік)
1
Қазақ  тілі
0-3
4-13
14-20
21-25
2
Орыс тілі
0-3
4-13
14-20
21-25
3
Қазақстан тарихы
0-3
4-13
14-20
21-25
4
Математика
0-3
4-11
12-19
20-25
5
Физика
0-3
4-11
12-19
20-25
6
Химия
0-3
4-11
12-19
20-25
7
Биология
0-3
4-13
14-20
21-25
8
География
0-3
4-13
14-20
21-25
9
Дүниежүзі тарихы
0-3
4-13
14-20
21-25
10
Қазақ әдебиеті
0-3
4-13
14-20
21-25
11
Орыс әдебиеті
0-3
4-13
14-20
21-25
12
Ағылшын тілі
0-3
4-13
14-20
21-25
13
Неміс тілі
0-3
4-13
14-20
21-25
14
Француз тілі
0-3
4-13
14-20
21-25
15
Орыс мектептеріне арналған  қазақ тілі
0-3
4-11
12-17
18-25
16
Қазақ мектептеріне арналған орыс тілі
0-3
4-11
12-17
18-25
8. Сертификат
Сертификаттың қолданыс мерзімі - ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін
жалпы орта білімі туралы аттестат беріледі.
ҰБТ-ның нәтижесі туралы сертификат;
ҰБТ тапсырған бітірушілерге:
9. Білім беру гранты
Білім беру гранттарын тағайындау конкурсы кезінде қазақ тілі немесе орыс тілінің (оқыту тілі), Қазақстан тарихының, математика және таңдау пәнінің балдары ескеріледі.
Ата-аналарға психологиялық кеңес
Отбасындағы тәлім-тәрбиенің мақсаты баланың; жеке ерекшелігін, психикалық процестерін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу. Аталған нысаныға жету үшін отбасындағы тәрбие төмендегі міндеттерді шешеді.
Отбасында баланың өсіп жетілуіне, денсаулығына қамқорлық жасау,нығайту,бекіту. Тазалық дағдыларын қалыптасыру.
Еңбек сүйгіштікке, еңбекті қажетсінуге баулу баланың күнделікті өмірін мәнді ұйымдастыру тұрмыстағы, үй  шаруашылығындағы еңбекке құлшынысын арттыру өзіне-өзі қызмет ету дағдыларына үйрету.
Отбасы мүшелерінің өзара дұрыс қарым-қатынасын, тіл табысып түсінісуін, бірін-бірі тыңдап, ата-ананы, туған туыстарын, жасы үлкендерді сыйлап, құрмет тұтуға үйрету.
Оқудың,білім алудың, мәдени мінез-құлықтың әдеп-дағдыларын қалыптастыру.
Отбасында баланың икемділігі мен қабілетін байқап, кәсіптік жағынан бағдарлау.
Өнерге, мәдениетке, ғылымға құштарлығын тәрбиелеу, уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру.
Баланың ақылына, күшіне, біліміне сай берілген тапсырманы, талапты орындауға дайын болуға үйрету.
Бақылау, тексеру, бағалау.
Тәртіптікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке, ойшылдыққа, сергектікке, естілікке, т. б. баулу.
Өзін-өзі тәрбиелеуге, дербестікке, шығармашылыққа баулу.
Адам баласы — өмір бойы психологиялық көмекке зәру болмақ. Әсіресе, оның нәрестелік, сәбилік, балалық шақтарында, тіпті ауадай қажеттілік деп айтсақ та болады. Бірақ, біз өмір сүрген бұрынғы қоғамда, адамның психикасын тәрбиелеуге еш уақытта мән берген емес. Соның салдарынан балабақшаларда да, мектептерде де, тіп-ті жоғары оқу орындары мен адамның қызмет істейтін орындарында да, адамның психологиялық тәліміне көңіл аударылмады. Осындай қалыс тәрбиенің ауыр кемшіліктерін ескере отырып, азды-көпті психологиялық көмектің қасиеттеріне тоқталуды жөн көрдік.
Психологаялық көмектің бағыттары
Бала атаулының бойындағы біртіндеп қалыптасатын психологиялық ауыр өзгерістер мен невроздың негізгі себепкері, жалпы бала тәрбиесінен хабары шамалы, ал бала психологиясы дегенді естіп көрмеген ата-аналардың үкімді де, сорақылыққа толы қатыгездіктерінен екенін ашып айтқымыз келеді. Олардың көпшілігі бала тәрбиесінің қиын да қызық сәттерін іздеп үйренудің орнына, тек жазалау, қорқытып-үркітумен ұстағанды білетіндіктерімен шектелетіндіктері белгілі. Тіршілік тартыстарына енді келген сәбилер үшін, бұны аттап өте алмастай ауыр күйзелістерге апарады. Айта берсе, үлкендер тарапынан болатын дөрекі қылықтар толып жатыр.
Ең бірінші психологиялық көмектің бағдары — осындай жағдайларға тап болған балалардың ауруға шалдыға бастаған психикасын сауықтыру болып табылады.
Екінші бағыт — тез арада ата-аналар мен бала тәрбиесіне қатысты үлкендердің арасында жүргізілетін ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ көмектерді атауға болады. Мұның өзіне тән әдістері де толып жатыр. Үлкендерге бала психикасының мән-жәйі туралы түсінік беру, оны мұқалтпаудың маңызы жайлы, психологиялық тәрбиелерді үйретудің жолдарын — кітаптардан, кино-фильмдерден, арнайы жасалынған оқулық фильмдерден — терендей талдап көрсету арқылы, ата-аналар мен үлкендердің бала тәрбиесіндегі қатыгездіктен тыйылуын талап ету.        Осылайша, жас баланың психикасындағы ауыр өзгерістер мен қорқыныштардан туындайтын, оның жан дүниесіндегі жапа шегушіліктің зардабымен қатаң да жедел күресетін мезгіл жеткен сияқты. Сөз жоқ, мұндай жағдайды ата-аналардың көпшілігі білмегендіктен істейтінін де ескеру керек.
Жалпы бала психологиясына белгілі психикалық ауыр әсерлердің түрлерін атап өтсек; бірінші, баланың жігерін жасытатын үкімді баға беру (мысалы, "Сен ойнай білмейсің", "сен дұрыс сөйлей алмайсың" деген сияқты кесімді ұғымдардың әсері жаман). Осыдан кейін, баланың тауы шағылып, талабы қайтып қалатындығы анық. Тіпті, оған бұдан былай ойнаудың да, сөйлеудің де қиындай беретіні рас. Сәбилерді үнемі көтермелей жетелеп тәрбиелеудің психикалық мәні зор.
Екінші сәт, баланың істеген әрекеттеріне теріс те, зілді баға берумен қоса, оның жеке басының намысына тиетін сөздер айту. Мәселен, "Сен ойнай білмейтініңмен қоса, мақтаншақсың, өтірік мақтанасың" деудің әсерімен, баланың бүкіл жан-дүниесін терең жаралауға әбден болады. Сондықтан да, балалардың іс-әрекеттерін дұрыс бағаламау, төмендетіп бағалау арқылы, оның қалыптасу қабілетін тұтылдырумен қоса, ұстамдылығы мен парасатына да қаяу түсіреді. Мұндай әрекеттер баланың өміршең талпыныстарын бірден тоқтатып, тіпті тіршілігінен де жиренері хақ. Оның алдындағы армандарын да, сенімдерін де жоғалта бастайды.
Үшінші бір ыңғайсыз сәт, басқа бір баламен салыстыра бағалаудағы жіберілетін әділетсіздік. Мұндай әрекеттер арқылы, баланың бойына қызғанушылық пен өзімшілдікті қалай сіңіріп алғандарын да байқамай қалады. Міне, тәрбиедегі психологиялық әдістерді білмеудің салдары осындай аса қиын жайсыздықтарға әкеп соғады екен. Бұл бала тәрбиесіндегі кезек күттірмейтін мәселе дегіміз келеді.
Күн тәртібі мен жұмыс орнын қалай ұйымдастырамыз?
Жұмыс орны өте ыңғайлы және тыныш болуы керек.
Тестке дайындалатын үстел үстінде сары немесе күлгін түсті парақтар немесе мата қиындысы болғаны дұрыс, өйткені ол интеллектілік белсенділікті арттырады.
Күн тәртібі:
күнді үш бөлікке бөл;
Тестке күніне 8-сағат дайындық;
Спортпен айналысуға таза ауада серуендеуге үй шаруасымен айналысуға 8-сағат;
8-сағаттан кем ұйықтама;
2-сағат тестке дайындалып, 30-40 минут мидағы жүйкелік қатаюдан арылып, ақыл-ой еңбегін дене еңбегімен (гимнастикалық жаттығулар т.б.) кезектестіру керек.
Тамақтану:
Күніне  3-4 рет витаминге толы тағамдармен  тамақтану керек. Грек жаңғағын, сүт өнімдерін, балықты, етті, көкөністі, жеміс-жидекті, шокаладты қолдау керек. Бұл тағамдар адам миындағы интеллект деңгейін арттырады.
Тестке 1-күн қалғанда:
Балаларыңызға мүмкіндігінің аз екендігі туралы айпаңыз.
Отбасылық қарым-қатынасты дұрыс сақтаңыз.
Балаңыздың ұйқысының дұрыс болып, физиологиялық тұрғыда шаршамауын талап етіңіз.
Егер бір нәрсені оқып үлгермесе, дұрысы талап етпеңіз,  керісінше дем алып, көңіл көтеруіне мүмкіндік жасаңыз.
Таза ауада достарыңмен, ең жақын адамдарымен серуен жақсы әсер етеді.
Кешкі аста дастархан басында рухани қолдау сөздер айтыңыз.
Балаңызды ерте жатып, дұрыс ұйықтауын қадағалаңыз.
Тест күні:
Тест күні балаңыздан бұрын тұрып, оятып, бүгінгі таң ол
үшін сәтті атқанын сендіріп айтыңыз.
Суық суға жуынуын, гимнастикалық  жаттығулар жасауын қадағалаңыз.
Жеке куәлігін, рұқсат қағазын, қара қаламын ұмытып кетпеуін қадағалаңыз.
Тест күнгі тамақтану үлгісі:
Аса майлы тамақ жеуге болмайды және  мүлдем тамақтабауғада болмайды.
Қатты қобалжығандықтан, балаңызда тәбеті болмауы мүмкін, бірақ аудитория атмосферасына шыдау үшін тамақтанбаса болмайды.
Жеңіл көкөністен жасалған тағамдар жеген дұрыс.
Тест күнгі психологиялық қолдауды қалай көрсетеміз?           Таңертең балаңызбен бірге барыңыз, қолдау көрсетіңіз. Бәрі сәтті болатындығына сендіріңіз. Тесттен кейін жылау,  ашулану, тұйықталу сияқты әртүрлі мінез-құлық көрсетуі мүмкін. Тест нәтижесін көрмей қобалжудың орынсыз екенін ескертіңіз.Орынсыз ескертпелер айтпаңыз, мұның соңы қиын жағдайға соқтыруы мүмкін. Тест нәтижесін хабарлағанда қасында болыңыз. Сіз күткен нәтижеге сәйкес келмесе де сабырлылық танытып, қолдау көрсетіңіз. Ендігі өмірінің сәтті болуына тілек білдіріңіз.
Балаларыңызда тестте кездесетін қиындықтар.
Психологиялық қобалжудың жоғарылауы
Есте сақтаудың төмендеуі
Сұрақты соңына дейін оқымауы
Нұсқаларды толтыруда шатастыруы
Уақытты дұрыс пайдалана алмау
Ойын жинақтай алмау, шашыраңқылық
Ұялы телефон, шпоргалка қолдануда комисия мүшелеріне ұсталу
Қосымша құралдармен жұмыс істеп, білетін сұрақтардың өзін белгілемейді.
Ата-ана құқығы мен міндеттері
62-бап. Ата-аналардың балаларды тәрбиелеу және оларға білім беру жөніндегі құқықтары мен міндеттері:
1. Ата-аналар өз балаларының денсаулығына қамқорлық жасауға міндетті.
2. Ата-аналардыңөз балаларын тәрбиелеуге құқығы бар және оған міндетті.
Ата-аналардың басқа да барлық адамдарға қарағанда өз балаларын тәрбиелеуге басым құқығы бар.
Бала тәрбиелеуші ата-аналар өздерінің қабілеттері мен қаржылық мүмкіндіктерінің шегінде, оның дене, психикалық, адамгершілік және рухани жағынан дамуына қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілікте болады.
3. Ата-аналар балалардың орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті.
Ата-аналардың балалардың пікірін ескере отырып, орта білім алғанға дейін білім беру мекемесі мен балаларды оқыту нысанын таңдауға құқығы бар.
4. Балалардың тәрбиесі мен білім алуына қатысты барлық мәселелерді балалардың мүдделерін негізге алып және балалардың пікірін ескере отырып, өзара келісімі бойынша ата-аналар шешеді. Ата-аналардың арасында келіспеушілік болған жағдайда олар (олардың біреуі) бұл келіспеушіліктерді шешу үшін ќорғаншы және қамқоршы органға немесе сотқа жүгінуге құқылы.
63-бап. Балалардыңқұқықтары мен мүдделерін қорғау
жөніндегі ата-аналардыңқұқықтары мен міндеттері
1. Ата-аналар өз балаларының заңды өкілі болып табылады және кез келген жеке және заңды тұлғаларға қатысты, оның ішінде соттарда арнаулы өкілеттіксіз олардыңқұқықтары мен мүдделерін ќорғайды.
2. Егер қорғаншы және қамқоршы орган ата-аналар мен балалар мүдделерінің арасында қайшылық барын анықтаса, ата-аналардыңөз балаларының мүдделерін білдіруге құқығы жоқ. Ата-аналар мен балалардың арасында келіспеушілік болған жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган балалардыңқұқықтары мен мүдделерін қорғау үшін өкіл тағайындауға міндетті.
64-бап. Ата-ана құқықтарын балалардың мүдделерін көздей
отырып жүзеге асыру
Ата-ана құқықтарын балалардың мүдделеріне қарама-қайшы жүзеге асыруға болмайды. Балалардың мүдделерін қамтамасыз ету олардың ата-аналары қамқорлығыныңнегізгі мәні болуға тиіс.
Ата-ана құқықтарын жүзеге асыру кезінде ата-аналар балалардың дене және психикалық денсаулығына, олардың адамгершілік жағынан дамуына зиян келтіруге құқығы жоқ. Балаларды тәрбиелеу әдістерінде адамныңқадір-қасиетін кемсітетін немқұрайлылық, қатыгездік, дөрекілік, балаларды қорлау немесе қанау болмауға тиіс.
Ата-ана құқықтарын балалардыңқұқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіре отырып жүзеге асыратын ата-аналар заңда белгіленген тәртіппен жауап береді.
65-бап. Баласынан бөлек тұратын ата-ананың ата-ана
құқықтарын жүзеге асыруы
1. Баласынан бөлек тұратын ата-ананың баласымен қарым-қатынас жасауға, оны тәрбиелеуге және баланың білім алуы мәселелерін шешуге қатысуға құқығы бар.
Бала бірге тұратын ата-ана, егер мұндай қарым-қатынас жасау баланың дене және психикалық денсаулығына, оның адамгершілік дамуына зиян келтірмесе, баланың екінші ата-анасымен қарым-қатынас жасауына кедергі болмауға тиіс.
2. Ата-аналары бөлек тұрып жатқан жағдайда балалардың тұратын жері ата-аналарының келісімімен белгіленеді.
Келісім болмаған жағдайда ата-аналардың арасындағы дауды балалардың мүдделерін негізге алып және балалардың пікірін ескере отырып сот шешеді. Бұл орайда сот баланың ата-аналардыңәрқайсысына, аға-інілері мен апа- сіңлілеріне (ќарындастарына) үйірлігін, баланың жасын, ата-аналардың адамгершілік және өзге де жеке қасиеттерін, ата-аналардыңәрқайсысы мен баланың арасында орын алған қатынастарды, олардың дамыту және тәрбиелеу үшін балаға жағдай жасау мүмкіндігін (ата-аналар қызметінің түрі, жұмыс режимі, материалдық және отбасылық жағдайы және т.с.с) ескереді.
3. Ата-аналар баладан бөлек тұратын ата-ананың ата-ана құқығын жүзеге асыру тәртібі туралы жазбаша түрде келісім жасасуға құқылы.
Егер ата-аналар келісімге келе алмаса, ата-аналардың (олардың біреуінің) талап етуі бойынша дауды ќорғаншы және қамқоршы органныңқатысуымен сот шешеді.
4. Соттың шешімі орындалмаған жағдайда кінәлі ата-анаға заңдарда көзделген шаралар қолданылады.
Сот шешімі қасақана орындалмаған жағдайда баладан бөлек тұратын ата- ананың талап етуі бойынша сот баланың мүдделерін негізге алып және баланың пікірін ескере отырып, баланы соған беру туралы шешім шығара алады.
5. Баласынан бөлек тұратын ата-ананыңөз баласы туралы тәрбие, емдеу мекемелері мен басқа да мекемелерден ақпарат алуға құқығы бар.
Ақпарат беруден ата-ана тарапынан баланың өмірі мен денсаулығына қатер болған жағдайларда ғана бас тартылуы мүмкін. Ақпарат беруден бас тартуға сот тәртібімен дау айтылуы мүмкін.
66-бап. Ата-аналардың басқа адамдардан балаларын талап
етуге құқығы
1. Ата-аналар заң немесе сот шешімі негізінсіз баланы өз қолында ұстап отырған кез келген адамнан оны қайтаруды талап етуге құқылы. Дау туындаған жағдайда ата-аналар өз құқықтарын қорғау үшін сотқа шағымдануға құқылы.
Бұл тараптарды қарау кезінде сот баланы ата-анасына беру баланың мүдделеріне сай келмейді деген қорытындыға келсе, баланың пікірін ескере отырып, ата-анасының талап-арызын қанағаттандырудан бас тартуға құқылы.
2. Егер сот ата-анасының да, бала қолындағы адамның да оның дұрыс тәрбие алуы мен дамуын қамтамасыз етуге жағдайы жоқ екендігін анықтаса, сот баланы қорғаншы және қамқоршы органныңқамқорлығына береді.
11-тарау. Ата-ана құқықтарынан айыру және оларды шектеу
67-бап. Ата-ана құқықтарынан айыру
1. Егер ата-аналар (олардың біреуі):
1) ата-ана міндеттерін орындаудан, оның ішінде алимент төлеуден қасақана жалтаратын болса;
2) өз баласын перзентханадан (бөлімшесінен) не өзге де балаларды тәрбиелеу, емдеу немесе басқа да мекемелерден алудан дәлелді себептерсіз бас тартса;
3) өздерінің ата-ана құқықтарын пайдаланып қиянат жасаса;
4) балаларға қатыгездік көрсетсе, оның ішінде олардың денесіне немесе психикасына зорлық-зомбылық жасаса, олардың жыныстық пәктігіне қастандық жасаса;
5) заңдарда белгіленген тәртіппен маскүнемдікпен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп танылған болса, олар ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін.
2. өз балаларының не жұбайыныңөміріне немесе денсаулығына қарсы қасақана қылмыс жасаған жағдайда ата-аналар (олардың біреуі) ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін.
68-бап. Ата-ана құқығынан айыру тәртібі
1. Ата-ана құқығынан айыру сот тәртібімен жүргізіледі.
Ата-ана құқығынан айыру туралы істер ата-аналардың біреуінің (олардың орнындағы адамдардың), кәмелетке толмаған балалардыңқұқықтарын қорғау жөніндегі міндеттер жүктелген органдардың немесе ұйымдардың (қорғаншы және қамқоршы органдардың, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердің және басқаларының) арызы бойынша, сондай-ақ прокурордың талабы бойынша қаралады.
2. Ата-ана құқығынан айыру туралы істер прокурор мен ќорғаншы және қамқоршы органныңқатысуымен қаралады.
3. Ата-ана құқығынан айыру туралы істі қарау кезінде сот ата-ана құқығынан айырылған ата-аналардан (олардың біреуінен) алимент өндіріп алу туралы мәселені шешеді.
4. Егер сот ата-ана құқығынан айыру туралы істі қарау кезінде ата- аналардың (олардың біреуінің) іс-әрекетінен қылмыстық жазаланатын әрекетті байқаса, мұны жеке қаулымен прокурор назарына жеткізуге міндетті.
5. Сот ата-ана құқығынан айыру туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күннің ішінде бұл шешімнің көшірмесін баланың тууын мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы мен ќорғаншы және қамқоршы органға жолдауға міндетті.
69-бап. Ата-ана құқықтарынан айырудың салдары
1. Ата-ана құқықтарынан айыру балалармен туыстық фактісіне негізделген барлыққұқықтардан, оның ішінде одан асырауға қаражат алу (осы Заңның 131бабы), сондай-ақ балалары бар азаматтар үшін белгіленген жеңілдіктер мен мемлекеттік жәрдемақылар алу құқықтарынан айырылуға әкеп соғады.
2. Ата-ана құқығынан айыру ата-аналарды өз баласын асырау міндетінен босатпайды, ол баланы асырап алу арқылы тоқтатылады.
3. Бала мен ата-ана құқықтарынан айырылған ата-ананың одан әрі бірге тұруы туралы мәселе сот тәртібімен шешіледі.
4. Ата-анасы (олардың біреуі) ата-ана құқықтарынан айырылған бала ата- анасымен және басқа да туыстарымен туыстық фактісіне, оның ішінде мұра алу құқығына негізделген тұрғын үй-жайға меншік құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын, сондай-аќ мүліктік құқықтарын сақтап қалады.
5. Баланы басқа ата-анаға беру мүмкін болмаған кезде немесе ата- анасының екеуі де ата-ана құқықтарынан айырылған жағдайда бала қорғаншы және қамқоршы органныңқамқорлығына беріледі.
6. Ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарының (олардың біреуінің) өтініші бойынша қорғаншы және қамқоршы орган, егер бұл балаға зиянды ықпал етпесе, баламен жолығуға рұқсат ете алады.
7. Ата-анасы (олардың біреуі) ата-ана құқықтарынан айырылған жағдайда баланы асырап алуға ата-ананы (олардың біреуін) ата-ана құқықтарынан айыру туралы сот шешім шығарған күннен бастап кемінде алты ай өткенде жол беріледі.
70-бап. Ата-ана құқықтарын қалпына келтіру
1. Егер ата-аналар (олардың біреуі), мінез-құлқын, тұрмыс салтын және баланы тәрбиелеуге көзқарасын өзгертсе, олардың ата-ана құқықтары қалпына келтірілуі мүмкін.
2. Ата-ана құқықтарын қалпына келтіру ата-ана құқықтарынан айырылған ата-ананыңарызы бойынша сот тәртібімен жүзеге асырылады. Ата-ана құқықтарын қалпына келтіру туралы істер қорғаншы және қамқоршы органдардың, сондай-аќ прокурордыңқатысуымен қаралады.
3. Егер ата-ана құқықтарын қалпына келтіру баланың мүдделеріне қайшы келсе, сот баланың пікірін ескере отырып, ата-ана құқықтарын қалпына келтіру туралы ата-ананың (олардың біреуінің) талап-арызын қанағаттандырудан бас тартуға құқылы.
Он жасқа толған бала жөніндегі ата-ана құқықтарын қалпына келтіру баланың келісімімен ғана жасалуы мүмкін.
Егер бала асырап алынған болса және баланы асырап алудың күші жойылмаса (осы Заңның 96-бабы), ата-ана құқықтарын қалпына келтіруге жол берілмейді.
71-бап. Ата-ана құқықтарын шектеу
1. Сот баланың мүддесін ескере отырып, баланы ата-анадан (олардыңбіреуінен) оларды ата-ана құқықтарынан айырмай алу жолымен ата-ана құқықтарын шектеу туралы шешім шығара алады.
2. Егер баланың ата-аналармен (олардың біреуімен) қалуы:
1) ата-аналарға (олардың біреуіне) байланысты емес мән-жайлар (психикасыныѕ бұзылуы немесе өзге де созылмалы ауру, ауыр мән-жайлардың және с.с. салдары) бойынша бала үшін қауіпті болса;
2) олардың мінез-құлқының салдары бала үшін қауіпті болса, алайда ата- аналарды (олардың біреуін) ата-ана құқықтарынан айыру үшін жеткілікті негіздер анықталмаған болса, ата-ана құқықтарын шектеуге жол беріледі. Егер ата-аналар (олардың біреуі) өз мінез-құлқын өзгертпесе, қорғаншы және қамқоршы орган ата-ана құқықтарын шектеу туралы сот шешімі шыққаннан кейін алты ай өткен соң оларды ата-ана құқықтарынан айыру туралы талап қоюға міндетті. Баланың мүдделеріне сәйкес қорғаншы және қамқоршы орган осы мерзім аяқталғанға дейін ата-аналарды (олардың біреуін) ата-ана құқықтарынан айыру туралы талап қоюға құқылы.
3. Ата-ана құқықтарын шектеу туралы талапты баланыңжақын туысқандары, кәмелетке толмаған балалардыңқұқықтарын қорғау міндеті заңмен жүктелген органдар мен мекемелер (осы Заңның 68-бабының 1-тармағы), мектепке дейінгі ұйымдар, орта білім беретін ұйымдар және басқа да мекемелер, сондай-ақ прокурор қоя алады.
4. Ата-ана құқықтарын шектеу туралы істер прокурор мен қорғаншы және қамқоршы органныңқатысуымен қаралады.
5. Ата-ана құқықтарын шектеу туралы істер қаралған кезде сот ата- аналардан (олардың біреуінен) балаға алимент өндіріп алу туралы мәселені шешуге құқылы.
Ескерту. 71-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының2007.07.27 N 320 (қолданысқа енгізілу тјртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
72-бап. Ата-ана құқықтарын шектеудің салдары
1. Ата-ана құқықтарын сот шектеген ата-аналар баланы жеке өзі тәрбиелеу құқығынан айырылады, ал 71-баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда, сондай-ақ балалары бар азаматтар үшін белгіленген жеңілдіктер мен мемлекеттік жәрдемақылар алу құқығынан да айрылады.
2. Ата-ана ќўќыќтарын шектеу ата-аналарды баланы асырау жґніндегі міндеттерден босатпайды.
3.Өзіне қатысты ата-аналарының (олардың біреуінің) ата-ана құқықтары шектелген бала тұрғын үй-жайға меншік құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын сақтап қалады, сондай-ақ ата-аналары және басқа да туысқандарымен туыстық фактісіне негізделген мүліктік құқығын, соның ішінде мұра алу құқығын сақтап қалады.
4. Ата-анасының екеуінің де ата-ана құқықтары шектелген жағдайда бала қорғаншы және қамқоршы органныңқамқоршылығына беріледі.
5. Ата-ана құқықтарын сот шектеген ата-аналарға, егер олар балаға зиянды әсерін тигізбесе, баламен қатысуға рұқсат етілуі мүмкін. Ата- аналардың баламен қатысуына қорғаншы немесе қамқоршы органның не қорғаншысының (қамқоршысының), баланың патронат тәрбиелеушілерінің немесе бала тұратын мекеме әкімшілігінің келісімімен жол беріледі.
73-бап. Ата-ана құқықтарын шектеудің күшін жою
1. Егер ата-аналардың (олардың біреуінің) ата-ана құқықтары шектелген негіздер жойылса, сот ата-аналардың (олардың біреуінің) талап-арызы бойынша баланы ата-анасына (олардың біреуіне) қайтарып беру туралы және осы Заңның 72-бабында көзделген шектеулердің күшін жою туралы шешім шығара алады.
2. Егер ата-анасына (олардың біреуіне) баланы қайтарып беру оның мүдделеріне қайшы келетін болса, сот баланыңпікірін ескере отырып, талапты қанағаттандырудан бас тартуға құқылы.
74-бап. Баланыңөміріне немесе оның денсаулығына
тікелей қатер төнген жағдайда баланы айырып алу
1. Баланыңөміріне немесе оның денсаулығына тікелей қатер төнген жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган баланы ата-аналардан (олардың біреуінен) немесе оны қамқоршылыққа алған басқа да адамдардан дереу айырып алуға құқылы.
Баланы дереу айырып алуды республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының тиісті актісі негізінде қорғаншы және қамқоршы орган жүргізеді.
2. Баланы айырып алу кезінде қорғаншы және қамқоршы орган прокурорға дереу хабарлауға, баланы уақытша орналастыруды қамтамасыз етуге және баланы айырып алу туралы республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының актісі шыққаннан кейін жеті күн ішінде сотқа ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе олардың ата-ана құқықтарын шектеу туралы талап қоюға міндетті.
Ескерту. 74-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
75-бап. Баланы айырып алуға байланысты істер бойынша сот
шешімдерін орындау
1. Баланы ата-анасынан айырып алуға және оны басқа адамға (адамдарға) беруге байланысты шешімді мәжбүрлеп орындау қорғаншы және қамқоршы органның және баланы алатын адамның (адамдардың) міндетті түрде қатысуымен, ал қажет болған жағдайларда ішкі істер органдары өкілініңқатысуымен, ал қажет болған жағдайларда ішкі істер органдары өкілініңқатысуымен жүргізілуге тиіс.
«Мектепке жол – шекарасыз жақсылық» республикалық акциясы
"Мектепке жол" акциясы
«Отбасы күні» қарсаңында «Бақытты ана-бақытты бала» тақырыбында даярлық тобының ата-аналарымен психологиялық марафон өткізілді.
№3 Күршім гимназиясында «Отбасы күні» қарсаңында «Бақытты ана-бақытты бала» тақырыбында даярлық тобының ата-аналарымен психологиялық марафон өткізілді.
Бала 1-сынып табалдырығын аттағалы тұрғанда, ата-ана тарапынан баланы мектепке даярлаудың физиологиялық, әлеуметтік-психологиялық, нейропсихологиялық жолдары, жоғарғы психикалық функциялардың толық жетілуіне ықпал ету шарттары айтылды.
Бақытты баланы тәрбиелеуде аналардың өз эмоциясын бақылауда ұстап, балаға айғайлау, қол көтермеу үшін не істеу керек? деген сұрақ төңірегінде тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.Зияшова ата-аналармен тренинг жүргізді. Сабақ қарату кезінде баланың қателіктеріне шыдамай өзін ұстай алмаған аналарда іште жиналып шықпай жатқан эмоциялар шығып, жеңілдегенімен кінәлі сезіну, ал балада невротикалық тик, сабақ оқуға мотивациясының сөнуі,өзін-өзі бағалаудың төмен болуы,травма сынды орны толмас олқылықтар орнайтыны ашып айтылды. Осындай қателіктерге жол бермеу үшін аналарға жасау керек нақты қадамдар ұсынылды. Ертеңгі күні бала негативті эмоциямен мектепке бармас үшін баланы құшақтау, жақсы көретінін жеткізу техникалары берілді. «Мен және басқалар» атты экспериментті көрсете отырып, бала психикасы икемді кезінде сөз, әрекет арқылы өзіне сенімді, өскенде сәттілікке тез жететін саналы ұрпақ өсіру үшін қолданылатын тиімді психологиялық техникалар ұсынды.
Мектебіміздің болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына тренинг ұйымдастырылды
15 мамыр – халықаралық отбасы күніне орай, мектебіміздің болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына баланың мектепке бейімделуінде мүмкін болатын қиындықтардың алдын-алу бойынша, яғни:
- балалардың мектепке психологиялық даярлығы мәселесінде ата-аналардың құзіреттіліктерін арттыру,
- ата-аналарды оқытуда қарым-қатынастың тиімді әдістерімен (белсенді тыңдау, жанжалдарға жол бермеу және т.б.);
- қажетті ынтымақтастық дағдысын дамыту бойынша ақпараттар беріліп, тренинг ұйымдастырылды.